Қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеті бойынша тәрбиелеу мен оқытуды жоспарлау қызметіне арналған циклограммасы



бет44/127
Дата27.11.2023
өлшемі249,87 Kb.
#129353
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   127
Байланысты:
циклограмма -қазақ тілі

Ұйымдастырылған іс-әрекет
Мектепалды топ
Сәрсенбі



Балаларды "П-Б" дыбыстарымен, "Пп-Бб" әріптерімен таныстыру. "П-Б" әріпін ауа арқылы жазып көрсету. "П-Б" дыбыстарының нақты артикуляциялық қалпын қалыптастыру, естіп,ажыратуға үйрету, буындарда, сөздерде дұрыс айтуға дағдыландыру. "П-Б" дыбыстарының сөздің кез келген жерінен (сөз басында, ортасында, аяғында) тауып көрсете білуге үйрету. "П-Б" дыбыстары кездесетін сөйлем ойлатып, сөзге мысал келтіріп, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрату арқылы, сөздік қорларын толықтыру, ойын тиянақты жеткізе білуге баулу, байланыстыра сөйлеуге тәрбиелеу. Төзімділікке, ұқыпты, әдемі, таза жазуға дағдыланады. Көркем сөз арқылы туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
"П", "Б", "пойыз", "сағат", "кілт", "доп", "бала", "бақа" сөздерін пайдалану.
Шаттық шеңбері, әңгімелеу, сергіту сәті, артикуляциялық гимнастика, сұрақ-жауап, жаңылтпаш, жұмбақ жасыру, көркем сөз, дидактикалық ойындар, саусақ жаттығуы, тіл ұстарту жаттығулары, фонопедиялық жаттығулар, тыныс алу жаттығуы.
Артикуляциялық гимнастика
«П» және «Б»дыбыстарының артикуляциясын салыстыру.
Буындарда есту, табу жаттығуы: "Қайтала" жаттығуы.
М. Әлімбаевтың «Менің – Қазақстаным» өлеңін мәнерлеп оқу.
"Дәмді тосап" жаттығуы.
Дидактикалық ойын: “Өз туыңды тауып ал”
"Б, П" дыбыстары бар сөздерді естігенде қолды көтер" жаттығуы.
Тыныс алу жаттығулары.
Фонеманы есту қабілетіне жаттығулар: "Артық сөзді тап", "Дыбыстың орнын тап", "Буындық лото".
Дыбыстық талдау: "Піл", "Бір".
Сергіту сәті: "Көңіл күйді көтеру кезеңі".
"Жоғалған дыбыс" дидактикалық ойыны.
Жазылым жаттығуы.
Есте сақтайық: П және Б - қатаң және ұяң дауыссыз дыбыстар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет