Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Сыңарлары мағына жағынан да, форма жағынан да елеулі өзгеріске



Pdf көрінісі
бет104/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

Сыңарлары мағына жағынан да, форма жағынан да елеулі өзгеріске 
ұшырамай-ақ, өзара бірігіп, жинақталған біртұтас лексика-семантика-
лық мағына білдіретін күрделі сөзді б і р і к к е н с ө з дейді. 
Біріккен сөздерді күрделі сөздер мен сөз тіркестерінен айырудың негізгі 
белгісі біріккен сөзге енген сөздердің бастапқы мағыналары ескерілмей, бір 
сөз, бір ұғым ретінде жұмсалуы шарт. 
Біріккен сөздердің жігіндегі көрші дыбыстардың бір-біріне тигізген 
әсерінен туатын дыбыстық ықпалдар орфографияда ескерілмей, біріккен 
сөздердің сыңарларының жеке тұрғандағы бастапқы тұлғалары сақталып, 
морфологиялық принцип бойынша жазылады. Мысалы: 
Жанпейіс 
(Жампейіс 
емес), 
шекара 
(шегара емес), 
Қонысбай 
(Қоныспай емес), 
Болатбек 
(Болатпек 
емес). 
Екі сөзді біріктіру арқылы сөз тудыру қазақ тілінің даму тарихында ерте 
заманнан келе жатқан, жаңадан сөз тудырудың ғасырлар бойында сыналған, 
қалыптасқан тәсілі. Оған қазіргі тіліміздегі қолданылып жүрген, сырт 


қарағанда біріккен сөз екендігі білінбейтін, бір кездердегі жігі анық көрінетін 
екі не одан да көп сөздерден кұралған, жүре-бара әрбір сыңарлары
тұлғасын езгертіп кірігіп кеткен 
биыл 
(бұл + жыл), 
бүгін 
(бұл + күн), 
күндіз
(күн жүзі), 
құлаш
( қол аш)
көкпар
( көк бөрі), 
әкел 
(алып + кел), 
апар 
(алып+бар), 
өйткені 
(олай+еткені), 
бүйткені 
(бұлай + еткені), 
сөйткені 
(солай 
+ еткені) сөздері толық дәлел бола алады. 
Сыңарларының біреуі, я екеуі бірдей әуелгі мағыналарынан 
айырылып, фонетикалық жағынан әрқилы өзгерістерге ұшыраған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет