Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет106/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   406
60-жаттығу. 
Төмендегі біріккен сөздерден географиялық атауларды, одан кейін кісі 
аттарын, хайуанат, жәндік және өсімдік, ең ақырында, жай бұйым атауларын білдіретін 
біріккен сөздерді теріп жазыңдар. 
Алжапқыш, Бейсенғали, Қоскөл, шекара, алабұға, баспана, Жұматай, 
күнбатыс, Ащысай, қосаяқ, итмұрын, атауыз, Қасқырбай, жыланқұрт, Ақоба, 
кезқұйрық, кереңқұлақ, жарқанат, күнбағар, Нұрәділ, коңыраубас, көкдәрі, 
Акмола, көксерке, Құрманбек, көртышқан, Тасқұдық, Қазанқап, Нұрсұлу, 
құстұмсық, жыланбас, Бозжан, Қызылорда. 
61-жаттығу. 
Біріккен сөздерді тауып, оларды біріккен, кіріккен түрлеріне қарай көшіріп
жазыңдар. 
1)Соңғы шамы жылтырап Аягөзге қарай зымырап бара жатты ( О. Б. ). 2) 
Бірталай үлкендер Зере мен Ұлжанға да көп алғыс айтады екен (М, Ә. ). 3) 
Көкшеден Әмірді Ызғұтты алып жөнелгенде, Байтас Абайға кісі шаптырған
( М. Ә. ). 4) Қыстаубай шал мен Тасмағанбеттің басы піспей, жанжалды 
көбейтіп жіберді . Небары бір аптадан кейін Жұмагүл осында келін боп түсті
( Қ. Н. ). 5) Біреуі қазір, міне, он үшке келген Бөрібасар, екіншісі- бұдан кіші 
кенжесі-ол әлі жас ( М. Ә. ). 6) Қызылордаға кешікпей Сәкен де келіп қалды
( С. М. ). 7) Қалың жұрттың арасын осылайша қақ жарған поезд Ақмешіт 
станциясына келіп тоқтады ) С. М. ). 8) Осыны айтқанда, Әлібек бар қанын 
ішіне тартып алған екен ( Ғ. Мұст.). 9) Өзінің атағы бірсыпыра жерге 
жайылғанын да жаңа сезініп, көңілі көтеріңкі отыр (Ғ. Мүс. ). 10) Омбыдағы 
санақ комиссиясына арыз беріп, Асқардың Итбай болысын таңадап алаған 
себебі Ботагөзді іздеп табу еді ( С. М. ). 11) Сарытауқұмда ойпаң жер 
жеткілікті, онда жатқан түйе түгілі, түрегеліп тұрғаны да көріне қоймайды
( «Қ Ә».). 12) Жазушы рубасшыларының екіжүзділігін де әшкерелейді (Т. А.).
§ 48. Қысқарған сөздер 
 
Қазіргі тіліміздегі күрделі сөздердің белгілі бір тобы – қысқарған сөздер. 
Күрделі атау сөздердің бір алуандарының әрі қысқартылып, әрі біріктіріліп 
жұмсалу жолы қазан төңкерісінен кейінгі дәуірде орыс тілінің әсерінен келіп 
туды. 
Қазан төңкерісінен кейін мазмұны жағынан да, түрі жағынан да жаңа әр 
алуан әлеуметтік , қоғамдық ұйымдар мен мекемелер пайда болды.Сол 
ұйымдар мен мекемелердің аттары, әдетте, бірнеше сөз арқылы аталатын 
болды. Орыс тілінің ықпалына орай , қазақ тілінің де сөйлеу, жазу дағды-


сында жиі қолданылатын осындай күрделі атауларды қысқартып жазу дәстүрі 
туды.Осының нәтижесінде қысқарған сөздер әдеби тілдің жазбаша түрінде 
күрделі сөздердің белгілі бір түрі болып қалыптасты. Мысалы: 
БҰҰ – Біріккен 
Ұлттар Ұйымы, АҚШ – Америка ққұрама Штаттары,СОКП – Совет 
Одағының Коммунистік Партиясы, Обком – облыстық комитет, ауылсовет 
– ауылдық совет, ҚР – Қазақстан Республикасы, ТМД – Тәуелсіз 
Мемлекеттер Достастығы, ҚазМҰУ – Қазақтың Мемлекттік Ұлттық 
Университеті т.б. 

Күрделі атаулар жазу тілінде де, соның ықпалымен сөйлеу тілінде де бірде 
толық, бірде қысқартылып қолданылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет