Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет226/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   406
мын
жазып отыр
мыз
II жақ жазып отыр
сың
жазып отыр
сыңдар 
жазып отыр
сыз 
жазып отыр
сыздар
III жақ жазып отыр жазып отыр 
2.
Ауыспалы осы шақ. Сөйлемдегі өзге сөздерге байланысты бірде осы 
шақтық, бірде келер шақтық ұғым беретін етістіктің түрі а у ы с п а- 
 л ы о с ы ш а қ деп аталады. 
Ауыспалы осы шақ көсемшенің 
-е, -а, -й
жұрнақтарынан соң жіктік 
жалғау қосымшалары I жақта 
–мын, -мін, -мыз, -міз, II жақта –сың, -сің, -
сыз, -сіз, сыңдар, -сіңдер, -сыздар, -сіздер, III жақта -ды, -ді
түрінде 
жалғанады.
Ауыспалы осы шақтың бұл түрі сөйлемдегі қызметіне қарай, үнемі 
істелетін кәсіби және басқа күнбе-күнгі әрекетті де ( 
ол ауылда тұрады, 
қалада, колледжде оқиды, солтүстіктің халықтары бұғы өсіреді
), табиғат 
пен ғаламдағы үйреншікті дағдылы қимыл, қозғалыстар мен қасиеттерді

құс ұшады, ит үреді, адам қартаяды, күн тұтылады, темір балқиды 

білдіре береді.
123-жаттығу. 
Мәтінді көшіріп, осы шақтағы етістіктің астын сызыңдар. Осы шақтың қай 
түрі екенін және қай жақта тұрғанын айтыңдар 
1. Төрде радиоқабылдағыш, ол арқылы көп жерлерден ән ұстайды, одан 
басқа қабырғада село радио торабының репродукторы тұр. (С.М.) 2.Абай 
мінезін Көкбай осылай топшылады.(М.Ә.) 3.Қуанышымыз қойнымызға 
сыймай, біз әуелдегі жауынгерлерімізге қадала қарап, қайырлы сапар, тілек 
тілеп тұрмыз. (Б.М-ұ.) 4.Сау қалғандарына бас көтертпей, біз оқ себелеп 
тұрмыз. (Ғ.Мүсір.) 5. Мына жақта шаңғышылар жарысып келеді.(Ғ.М.)
6. –Ақымақ, не істеп жатырсың? (Ә.С.) 7. Панферов әдетінше саусағымен 
столды тықылдатып, Мұратқа жан ашыр кескінмен қарап отыр. (Т.А.)
8. Шашын желкесіне түйген жалаң бас, толық Қалует шам жарығында 
жұртқа күлімдеп қарайды.(Ғ.Сл.) 9.Өзіңіз де жазып тұрыңыз.(Ә.Ә.)
10. -Құбашты білемін. Ал сендердің не білгілерің келіп тұрғанын біле алмай 
тұрмын,-деп, күлді ол.(С.Б.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет