Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет232/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   406
-ңыз, -ңіз, -ыңыз, -іңіз
жұрнақтары жалғану
арқылы жасалады. Мысалы: 
қара + ңыз, сөйле + ңіз, жаз + ыңыз, кел + іңіз.
Бұйрық райдың екінші жағының көпше түрі де болады. ІІ жақ бұйрық 
райдың анайы түрінің көпшесі етістіктің түбіріне 
–ң, -ың,- ің
 
жұрнағы 
жалғанып, одан кейін көптік жалғау қосымшасы жалғану арқылы жасалады.
(
бар + ың +дар, кел+ің +дер, тыңда + ң + дар, сөйле +ң +дер
). Бұйрық 
райдың ІІ жақ сыпайы түріне көптік жалғау қосымшасы жалғану арқылы ІІжақ 
бұйрық райдың сыпайы түрі жасалады. 
(бар +ыңыз +дар, кел+іңіз+ дер, 
тыңда +ңыз +дар, сөйле +ңіз +дер).
Бұйрық райдың үшінші жағы етістіктің түбіріне, яғни бұйрық райдың ІІ
жағына,
-сын, -сін 
жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: 
Ол бар + 
сын, барғыз+сын, кел+ сін, келтір+сін, оқы+сын, оқыт+сын, айт+сын, 
айтқыз+сын. 

Үшінші жақ бұйрық райдың еопше түрінің арнайы қосымшасы жоқ, 
жекеше, көпше түрі бірдей 
(ол барсын, олар барсын, олар келсін; ол айтсын, 
олар айтсын). 
Бұйрық райдың бірінші жағының, ІІ және ІІІ жақпен салыстырғанда, 
мағыналық жағынан кейбір ерекшеліктері бар. Бұйрық райдың ІІ және ІІІ 
жағында қимыл, амал сол жақтарға бірінші жақ тарапынан таза бұйрық 
түрінде айтылады.
Ал бірінші жақта ондай таза бұйрық болуы мүмкін емес. Сөйлеуші адам 
өзіне-өзі бұйырмайды. Бұйрық райдың бірінші жағы жекеше түрінде бір 
нәрсені істеуге сөйлеушінің шешімін білдіреді де, көпше түрінде белгілі 
қимыл, амалды істеуге өзге адамда
р
ды шақыру, ұйымдастыру түрінде 
айтылады. Сондықтан бұйрық райдың бірінші жағының ұғымы ұйғарынды 
бұйрық, өзгелерді де белгілі қимылды, амалды істеуге жұмылдыру, 
ұйымдастыру, шақыру түрінде түсініледі.
Бұйрық райдың бірінші жағы көсемшенің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет