Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


-а, -е, -й жұрнағынан соң жекеше түрінде - йын, -йін



Pdf көрінісі
бет233/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   406
-а, -е, -й
жұрнағынан соң
жекеше түрінде -
йын, -йін 
жұрнағы, көпше түрінде
- йық , - йік , - лық,
 -лік 
жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: 
бар-а+йын, кел+е+йін, 
бар+а+йық, кел+е+йік, бар+а+лық, кел+е+лік. 

1.
 «Не болса да бағымды сынап көрейін»,- деп, сандықты арқалайды да, 
жыланның айтқан жеріне келеді. 
2. 
Ендеше, төртеуміз жолдас болайық, -
дейді.
(
 
Қ. Е. ) 
3. 
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен 
тоқылық 
(Ы. А.) 

Бұл сөйлемдердегі 
көрейін, болайық, оқылық, тоқылық 
деген етістіктер 
бұйрық райдың І жақ тұлғасында келіп тұр да, 
көрейін, болайық
дегендер
бірінші жақта бір ен бірнеше адмдардың сол қймылды, амалды істеуге өзімен 


бірге өзге адамдарды шаұыратындығын, ұйымдастырушылықты, 
жұмылдырушылықты көрсетеді.
Б ұ й р ы қ р а й д ы ң к е с т е с і
Бұйрық райдан кейін
-шы, -ші
жұрнағы жалғанып айтылса да, бұйрық 
рай мағынасы өргермейді. Мысалы: 
І жақ 
ІІ жақ
ІІІ жақ
жекеше
көпше 
жекеше 
көпше 
жекеше
барайын+шы 
келейін+ші 
тыңдайын+шы 
сөйлейін+ші 
барайық+шы 
келейік+ші
тыңдайық+шы 
сөйлейік+ші
бар+шы
кел+ші 
тыңда+шы
сөйле+ші 
барыңдар+шы 
келіңдер+ші 
тыңдаңдар+шы 
сөйлеңдер+ші
барсын+шы 
келсін+ші
тыңдасын+шы
сөйлесін+ші 
126-жаттығу

Мына сөйлемдерді көшіріп, бұйрық райлы етістіктің астын сызыңда. Олар 
қай жақта екенін және қалай жасалғанын айтыңдар. 
1. - Қозғалмай жат! Қозғалсаң, екеуміз де жарыламыз, - дейді. ( Қ. Е.)
2. –Ол кім? Егер де жақсы болса, айтқаныңды істейін, -дейді. 3. –Адам баласы 
ғой , шақырыңдар, -деді хан. 4. –Егер де кімде-кім әкеліп берсе, соған не 
тілесе, сонысын берейін! –деп, хан жұртқа жар салды.
5. Енді тоқта қызықты бір көрелік.
Ұмытпасақ, айналып бір келелік. 
Қодар, Тоқсан, Қарабай жата тұрсын,
Балталыдан бір жігіт ап келелік. 
6. Сәлем айт ініңізге іздеп келсін, 
Келмесе, сорлы Баян дегені өлсін. 
Көңілім кетті Қозыға, жаным мұнда,
Айтқан сөзді ініңіз қабыл көрсін. (Қ. Е) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет