Дауыс шымылдығы өкпеден келген ауаны тосқауылдап, бірде керіліп, екеу-
інің арасы жымдасып тұрады да діріл пайда болып, үн шығады. Бірде жиыр-
ылып, екеуінің арасы ашылып тұрады да діріл пайда болмайды, үн шықпай-
ды. Дауысты дыбыстар дауыс шымылдығының керіліп тұрып діріл пайда
болуы арқылы жасалады. Үнді дауыссыз дыбыстар мен ұяң дауыссыз дыбыс-
тарды шығаруда дауыс шымылдығы сәл ғана керіледі де діріл шамалы болады.
Сондықтан бұл дыбыстарда сәл де болса үннің қатысы болады. Ал қатаң
дауыссыз дыбыстарды шығаруда дауыс шымылдығы жиырылып тұрады да
ешқандай діріл пайда болмайды. Сондықтан ол дыбыстардың құрамында
үннің қатысы болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: