Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет8/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   406
3. Қуыс мүшелері
. Өкпеден келген ауа керіліп тұрған дауыс 
шымылдығына соғылып, дірілдің әсерінен пайда болған дауыс немесе үн 
тікелей қуыс мүшелеріне түседі де, белгілі резонанс (жаңғырық) пайда 
болады. Куыс мүшелеріндегі кедергі мүшелердің қызметі арқылы дыбыстарға 
әр түрлі өң (рең) беріледі
Тіл дыбыстары бірінен-бірі ерекшеленеді. Куыс мүшелеріне 1) ауыз 
қуысы, 2) мұрын қуысы жатады. 
Ауыз қуысындағы дыбыс шығаруға қатысы бар кедергі мүшелер: 
тіл, ерін, 
тіс түбі
(альвеал),
 таңдай, кішкене тіл, иек. 
Тіл.
Бұл — дыбыс шығаруда көп жұмыс атқаратын өте жылжымалы мүше. 
Ауыз қуысында бірде ілгері-кейін, бірде жоғары-төмен жүйткіп, ауыз қуы-
сындағы өзге мүшелерге не қақтығысып, не жуысып тұруынан дыбыстарға әр 
түрлі өң беріледі. 
Ерін.
Дыбыс шығаруға қатысы бар жылжымалы мүшенің бірі — ерін. Екі 
ерін бір-біріне жымдасып тұрып, өкпеден келген ауаның оны бұзып етуінен 
п, 
б
дыбыстары пайда болса, астыңғы еріннің үстіңгі ерінмен тіске келіп 
қақтығысуынан 
ф, в
дыбыстары шығады да, екі еріннің дөңгеленіп, алға қарай 
шүйіріліп тұруынан
о,ө, ұ, ү, у
 
дыбыстары жасалады. Сол сияқты ды-быс 
шығаруда екі еріннің кейін жиырылуынан да дыбыс сапасы өзгереді. 
ТІС.
Кейбір дыбыстарды шығаруда тістің де белгілі мөлшерде қатысы 
болады. Бірақ бұл — жылжымалы мүше емес. Ауыз қуысындағы жылжы-малы 
мүшелер тіл мен еріннің тіске жуысуынан не соқтығуынан дауыссыз 
дыбыстардың түрлері жасалады.
Таңдай.
Мұның өзі қатты тандай, жұмсақ таңдай болып екіге бөлінеді. 
Қатты таңдай үстіңгі күрек тіс тұрған қызыл иектен басталады да, ең соңғы 
тістің тұсынан бітеді. Жұмсақ таңдай ең соңғы тістің тұсынан басталып, 
кішкене тілден барып бітеді. Тілдің ұшы, орта, артқы шенінің бірі не қатты 
таңдайға, не жұмсақ таңдайға жуысуынан я соқтығуынан дыбыстардың сапасы 
өзгеріп шығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет