Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 2. Қазақ тілі — қазақ халқының ұлттық тілі , Қазақстан



Pdf көрінісі
бет3/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   406
§ 2. Қазақ тілі — қазақ халқының ұлттық тілі , Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік тілі 


Қазақтың әдеби тілі XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптаса 
бастады. Оның алғашқы арнасын жалпы халық тілінің негізінде қазақ 
халқының ағартушы ақын, жазушылары Абай Құнанбаев пен Ыбырай 
Алтынсарин салды. 
Абай қазақтың жазба әдеби тілін қалыптастыруда көп еқбек сіңірді. Ол өз 
шығармаларында жалпы халықтық тілдің сөздік құрамындағы әрбір сөзді 
іріктеп, талғап қолдану арқылы көркем сурет, образ жасады. Қөркем 
әдебиеттің тілін жалпы халықтық тілге жақындатуға тырысты, сол үшін 
күресті. «Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, ол — ақынның білімсіз 
бейшарасы» деп, сөзді талғамай қолдана беретін ақындардың тілін сынады, 
мінеді. Сонымен қатар көркем шығармаға, поэзияға өзінің талабын қойды. 
Өлең — сөздің патшасы, сөз — сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. 
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы, —
деп, 
өлең қандай болу керек деген өлшеуіш, критерий келтіреді. Өзі сол талапқа 
сай неше алуан көркем суреттер жасады. 
Әдеби тілдің Абай, ЬІбырай салған алғашқы арнасы кейінгі уақытта 
үзіліп, тоқтап қалған жоқ, кейін XX ғасырдың басынан бастап бірте-бірте 
кеңейіп қалыптаса берді.
Ұлт тілінің ауызекі сөйлеу түрін с ө й л е у т і л і деп атайды. Әдеби тіл 
мен сөйлеу тілі арасы ашық екі дербес тіл емес, бір тұтас ұлт тілінің екі түрі 
ғана. Әдеби тіл — емлелік, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік, 
стильдік нормаға келтірілген, сұрыпталған жалпы халықтық тіл. Ал сөйлеу
тілі — жалпыхалықтық тілдің бірыңғай нормаға түспеген, әрбір орында
сөйлеуші адамдардың сөйлеуінде дыбыстық, сөздік және кейбір 
грамматикалық ерекшеліктері, ауытқушылықтары сақталып отыратын түрі. 
Мысалы, төрт-дөрт, тұз-дұз, келетін-кележақ, барғын-барсай, дейін – 
шейін
(
шекейін
) тағы осы сияқты ауытқушылық сөйлеу тілінде көп кездеседі. 
Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, көпұлтты 
(көптілді) мемлекетте халықтың ұлттық құрамына қарамай іс қағаздарын, 
мектеп пен жоғарғы оқу орындарында оқыту, мәдениет, баспасөз бен 
байланыс орындарында , құқық қорғау мен әскери бөлімдерде , сот істерін 
жүргізуде міндетті деп саналатын саяси құқықтық қасиеті бар мәртебелі тіл.
Ол біздің мемлекетіміздегі ұлттық мәдениетінің көріну формасы түрінде 
қолданылады. Қазақ тілі, сондай-ақ алыс, жақын шетелдерде тұратын 
миллиондаған қандастарымыздың да ана тілі .
Қазақ тілі ғылым ретінде зерттеліп бастауыш, орта мектептерде, арнайы 
орта дәрежелі оқу орындары мен жоғарғы оқу орындарында ғылым негіздері 
қатарына енетін пән ретінде оқытылады. Қазақ тілінің жеке грамматикалық 
категориялары арнайы ғылыми-зерттеу жұмысының объектісі болып, 
көптеген монографиялық еңбектер жазылды. Жалпы орта білім беретін 
мектептерге, педагогикалық , гуманитарлық колледждерге, жоғарғы оқу 
орындарына арналып қазақ тілінің тұрақты оқулықтары жасалды. Қазақ 
тілінде ғылыми-техникалық, саяси-қоғамдық терминдер қалыптасты. 



Орыс тілінен, орыс тілі арқылы өзге тілдерден енген ғылыми-техникалық 
терминдер арқылы қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамы байыды.
Қазіргі қазақ тіл білімі мынадай бөлімдерден тұрады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет