Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет93/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   406
Тақырып бойынша сұрақтар: 


1)
 
Жұрнақтар дыбыстық құрамы жағынан қалай бөлінеді ? 
2)
 
Синонимдес жұрнақтар деп қандай жұрнақтарды айтады ? 
3)
 
Омонимдес жұрнақтар деп қандай жұрнақтарды айтады ? 
4)
 
Синтетикалық тәсіл арқылы жаңа сөз тудыратын жұрнақтар қандай 
топтарға бөлінеді ? 
5)
 
Аналитикалық тәсіл деп қандай тәсілді айтады? Аналитикалық тәсіл 
ішінен қандай топтарға бөлінеді ? 
6)
 
Біріктіру тәсілі деп қандай тәсілді айтады ? 
7)
 
Қосарлау тәсілі деп қандай тәсілді айтады ? 
8)
 
Сөздерді қосарлап қолданғанда, сөз сыңараларының мағынасы қалай 
өзгереді ? 
9)
 
Қандай тәсіл тіркестіру тәсілі деп аталады ? 
10)Тіркестіру тәсілінің моделі, тірек сөздер дегендерқандай сөздер? 
11) Қысқарған сөздер қандай жолдармен жасалады ? 
12) Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі деп қандай тәсілді
айтады
13) Сөз тұлғалары деген не ? 
14) Қазақ тілінде сөздер тұлғалық ерекшелігіне қарай нешеге бөлінеді ? 

 
51- жаттығу: 
Сөйлемдерден аналитикалық тәсіл арқылы жасалған сөз тұлғаларын 
тауып, 
 
түрлеріне қарай талдау жасаңдар. 
1)Үй іші бірталай жым-жырт отырып қалды ( М. Ә ). 2) ЕҚЫҰ – ның 
Астана Саммитінің алдында күрделі саяси және әлеуметтік міндеттерді шешу 
тұрды («Егемен Қазақстан» ). 3) «Қос шалқар» – қос босағаға орнатқан күміс 
бағана тәрізді екі көл ( Ғ. Мұст.).4) Ол туған жерде демалуды, сөйтіп 
денсаулығын түзеп алуды ойлаған еді ( С. Бақ.). 5) Елең-алаңнан көшкен ауыл 
күн қыза құм арасындағы ойдым көгалға келіп қонған еді ( Ө. Қ. ). 6) 
Құнанбай мұның сәлемін алды да, тебініп қап, жүр деді ( М. Ә. ). 7) «Алуан-
алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады», - дейді халық мақалы ( «ҚӘ» ). 8) 
«Қарын шашы алынбай келе жатқан халықтың анық қаскөзі, қаскөйі осылар» 
дейтін. ( М. Ә. ). 9) Үй үш қанат екен: киіз, қап-қара, тозығы жеткен, 
шоқпыттан жамаса да, шұрқ-шұрқ, қай тесігінен қарасаң да, дала көрінеді ( Ғ. 
Мұст.). 10) Бұл кезде Алтын Орданың елу мың қосындарын басқарып, 
Қайдауға жәрдемге келген Беркенжар кенет қатты сырқаттанып қалған (І. Е. ).
52- жаттығу: 
Сөйлемдерден лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған сөздерді 
тауып, жасалу жолына түсінік беріңіз. 
1)«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Астанада болып 
өткен кезекті конференциясы қоғамымыздың демократиялық сипатын 
тереңдетіп, еңбек адамдарының құқықтарын одан әрі кеңейту қажет деген 
шешім қабылдады. ( «Егемен қазақстан»). 2) «Арай» журналы жаңа күннің, 
жаңа тыныстың жаршысы. Жұлдызы биік, жүзі жарқын болсын. Алматы 


97 
көктемінің салқындау ауа райы екі-үш күннен бері маужырап тұр ( «Арай» 
журналы ). 3) Бұл сәтте табиғат та қалың қардың , қалың қайғының астында 
жүдеп-жадап жатқан ( «Жалын» журналы. ).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет