айында, жылында, күнде, аптада
деген сөздер лексикалық мағынасында
мезгілдік ұғымды білдіретін болғандықтан, қ а ш а н? деген сұраққа жауап
беріп, мезгіл пысықтауыш қызметін атқарып тұр.
75-жаттығу.
Жатыс жалғаулы сөзді тауып, оның соңынан жақша ішіне сұрағын көрсетіп,
сөйлем дерді көшіріп жазыңдар.
1. Тәжірибе шуағында ақыл атаулы осылай жетіледі ғой.
(Ғ. Сл.)
2) Мек-
тепте педкеңес болып жатыр.
(Б. С.)
3) Мұншама жақсы жағдайда егіс
жоспарын тез орындау — тек адамдардың ғана колындағы іс.
(С. М.)
4)
Айсұлтан енді өз жүрегінде екі қам-тілек, екі арман туғанын айтты.
(Б. С.)
5) Бұл төрт жігіттің бірге тұратын отбасыларында жиырма бес адам бар.
(М. М.)
6) Ап-ашық күндерде де сахарада аяқ астынан қара құйын шыға
келеді.
(X. Е.)
7) Мал қораларда ақ саулық жоқ болып шыкты.
(Р. Ә.)
8) Шалтай тура қарауға бата алмай, көз қырын тастап еді, Күлтайда
жаңағының бірі жок.
(Ә. Ә.)
9) Жоқ, әлде осы Базаралының ісінде қазақ
сахарасындағы правосыз, қорлықта жүрген көп кедейдің бәрінің көңілін,
тартысын білдірген шындық бар ма?
(М. Ә.)
10) -Коммуналарыңда тәртіп
қалай?— деді
(Ғ. Мүсір.)
Достарыңызбен бөлісу: