Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет391/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   387   388   389   390   391   392   393   394   ...   406
да
 
деген ыңғайластық жалғаулық бар. Ал 
екінші аралас құрмалас сөйлемде бірінші сөйлем мен екінші жай сөйлем 
салаласа байланысқан да, оларды байланыстырып тұрған ешқандай жалғаулық 
шылау жоқ. 
Аралас құрмалас сөйлемнің құрамында кейде төл сөзді сөйлем де болады. 
Төл сөзді сөйлем мен автордың сөзінен араласа құралған аралас 
сөйлемді т ө л с ө з д і а р а л а с с ө й л е м дейді. 
Мысалы: 
-
Қап, бүлдірген екенсің ғой,-деп, Тасбай мені сабамақ болып еді, мінезі 
жұмсақ Мәшік арашаға түсе кетті.(С.М.) 
Мұнда төл сөзді сөйлем 
деп 
көмекшісі арқылы бағыныңқы сөйлем түрінде 
айтылып тұр да, автордың сөзінен құралған сөйлемдер әдеттегі қалыпты 
салалас сөйлем түрінде айтылып, сөйлем тұтасынан алғанда, аралас құрмалас 
сөйлем болып тұр. 
-
Мен қайтейін, кеше Арғынның игі жақсысы бұйырды,- деп, шешесіне 
арыз шағып бір тоқтады.(М.Ә.) 
Мұнда төл сөзді сөйлем өзара салаласа байланысқан екі сөйлемнен тұр да, 
деп
 
көмекшісі арқылы автордың сөзінен тұрған сөйлеммен сабақтаса 
байланысып тұр.Сөйлем, тұтас алғанда, аралас құрмалас сөйлем болып тұр. 
209-жаттығу. 
Мына сөйлемдерді көшіріп жазыңдар да, аралас құрмалас сөйлемдердің 
түрлерін, өзара байланысу тәсілдерін айтып беріңдер. 


351 
1)
Енді Абай жайын ойлай келгенде, Ұлжан өз тыныштығын қойды 
да, арбаға әжесінің қасына Абайды мінгізетін болды.(М.Ә.) 2) Әңгіме 
тыныштықтан басталғанмен, айтайын дегені тынышсыздық жайында еді, сөзі 
үзіліп қалды.(Ғ.М.) 3) Қар кеткенмен, күн жылынғанша жаманшұбарлықтар 
қыстаудан шықпайды, өйткені жас төлді күн жылынғанша қорада ұстау
керек (С.М.) 4) «Қош, қош!» деген дауыстар да жиі естіліп, жағадағылардың 
көбінің-ақ ұштары біріккен үш саусақтары маңдайларына барып-ақ қалып еді, 
пароходтар пристаньнан жылжи бастаған екен. (Ә.С. ) 5) Жаңағы адам тегіс 
қол алып амандасқаннан кейін, Әшім нұсқаған диванға бұрылды да, тізе 
бүгісімен қысқа қара бобрик пальтосының түймесін ағытып, екі етегін кейін 
сырыңқырап, қаракүл малақайын жанына қойды.(К.О.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   387   388   389   390   391   392   393   394   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет