351
1)
Енді Абай жайын ойлай келгенде, Ұлжан өз
тыныштығын қойды
да, арбаға әжесінің қасына Абайды мінгізетін болды.(М.Ә.) 2) Әңгіме
тыныштықтан басталғанмен, айтайын дегені тынышсыздық жайында еді, сөзі
үзіліп қалды.(Ғ.М.) 3) Қар кеткенмен, күн жылынғанша жаманшұбарлықтар
қыстаудан шықпайды, өйткені жас төлді күн жылынғанша қорада ұстау
керек (С.М.) 4) «Қош, қош!» деген дауыстар да жиі естіліп, жағадағылардың
көбінің-ақ ұштары біріккен үш саусақтары маңдайларына барып-ақ қалып еді,
пароходтар пристаньнан жылжи бастаған екен. (Ә.С. ) 5) Жаңағы адам тегіс
қол
алып амандасқаннан кейін, Әшім нұсқаған диванға бұрылды да, тізе
бүгісімен қысқа қара бобрик пальтосының түймесін ағытып,
екі етегін кейін
сырыңқырап, қаракүл малақайын жанына қойды.(К.О.)
Достарыңызбен бөлісу: