Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарын оқытуда интербелсенді әдістерді қолдану
Интербелсенді туралы түсінік
«Иетербелсенді /интерактив/ деген сөз ағылшынның « interact («inter» өзара «act» «әрекет ету») деген сөзден шыққан. Яғни интеракция – жеке тұлғалардың, топтың, жұптың, өзара біріккен әрекетте бір-біріне алма кезек әсер етуі. Оқытудың бұл формасы алдына нақты және бағдарланған мақсаттар қояды: орта қалыптастыру, әрекет арқылы үйрету, өмірмен байланыстыру, өзінділікпен дербестікке баулу.
Интебелсенді оқыту белсенді қарым-қатынасқа негізделеді. Интербелсенді әдістермен сабақ өткізу кезінде білім беруші тек кеңесші, серіктес рөлін атқарады, білім алушыларды өз беттерінше ізденуге жетелейді. Білім беруші өз мүмкіндігін шектеп, білім алушының белсенді болуына жағдай туғызуы қажет.
Интербелсенді оқыту ЖОО-да келесі жұмыс түрлерімен мен әрекеттер арқылы жүзеге асырылады: бірлескен жұмыстар; жеке және бірлескен зерттеу жұмыстары; рөлдік және іскерлік ойындар; пікірталастар; шығармашылық жұмыстар; кейсстади; призинтациялар; интервью; сауалнама т.б
Қазіргі әлем бойынша индустралдық қоғамнан интербелсенді қатынас жасауға, оны жүзеге асыратын ақпараттық қоғамға көшіру үрдісі жүріп жатқанда, мейлінше интербелсенді әдістерді қолдана білсек, оқушыларымыз жаңа ғасырдың білікті, білімді ақыл-ойы дамыған азамат етіп даярлай аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |