«Суретшілерге» берілетін тапсырмалар
Топ мүшелеріне алдын ала қағаз бен түрлі түсті қарындаштар деріледі.
Топтан бір оқушы шығып, үстел үстіндегі суретті алдымен өзі көріп алады да, қалған топ мүшелеріне суретті ауызша сипаттауы тиіс, ал тобы, оқушының сипаттамасы бойынша сурет салуға кіріседі. Бұл әдіс арқылы оқушының тіл байлығын, сөздік қорын байытуға болады.
Мысалы оқушы өзінің көрген суреттерін былайша сипаттайды.
«Аспанда ақша бұлттар қалқып, көшіп бара жатыр. Көк майса шалғында шалғында қазақтың киелі музыкалық аспаптары домбыра, мен қобыз бейнелеген. Жанында күй табақтар салынған қорап аузы ашық жатыр.Қорап қазақтың ою-өрнегімен безендірілген».
Енді топ мүшелері оқушының сипаттауы мен сурет салады. Салынған суреттер студенттің қолындағы бастапқы нұсқасымен салыстырады.
Сурет толық әрі көркем салынса жоғары ұпай 8 (ұпай) жинайды. Ал егер салынған суреттің сапасы төмен болса, ұпай көрсеткіші төмен болады.
Достарыңызбен бөлісу: |