3-кезең «Бәйге» ойыны
4 тақырып пен әр тақырып тұсында нөмерленген 5 ұяшық беріледі.
Ойын шарты бойынша бәйгеге қатысатын әр топ алдымен тақтада ілінген 4 тақырыптың біреуін таңдайды, одан кейін таңдалған тақырып бойынша ұяшық нөмерін таңдайды, сосын ұяшыта жасырылған сұраққа өзара ақылдасып жауап береді. Жауап бере алмаса бәйгеден қалады.
1 тақырып. Киелі кигіз үй
Кигіз үй неше бөліктен тұрады? (үш)
Кигіз үй неден жасалады? (қайын, тал)
Кигіз үйді жасайтын адам қалай аталады? (үйші)
Кигіз үйдің пайдалануына, сән-салтанатына қарай қандай түрлерін білессіз? (ақ үй, қара үй, боз үй, ақ орда т.б)
Кигіз үй сүйектерін атаңыз (кереге, босаға, шаңырақ, уық)
2 тақырып Асқа байланысты салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар
Бастаңғы дегеніміз не? (әке-шешелері жол жүріп кеткенде, көрші жастар келіп, ол үйдің дастарханына бастаңғы жасап, тағам дайындатады. Бұл жолаушылардың басы ауырмасын, сырқамасын деген жақсы ойдан шыққан дәстүр)
Ауылға басқа жақтан отбасы көшіп келіп, іргелес қонытанатын болса, ауылдағылар жаңа көршіні үйіне шақырып қонақасы береді. Оны не деп атайды? (ереулік)
Асар деген не? (Көмектің бір түрі, бірақ асар үшін ақша берілмейді.)
Қонаққа шақырылғанда үлкен әжелер келіне немесе немерелеріне ет, кәмпит алады. Оны балаларына бөліп береді. Оны не деп атайды? (сарқыт)
Дастархан жайғанда, тағам ұсынғанда, әр адамның жасына, жынысына қарай өзіне лайық өз үлесі болады. Оны не деп атайды? (сыбаға)
3 тақырып Киелі сандар
Үш бақытты атаңыз (отан, халық, тіл)
Жеті қазынаны атаңыз (ер жігіт, сұлу әйел, жүйрік ат, қыран бүркіт, ит, ақал-білім, мерген мылтық)
Бес асыл, дұшпанды атаңыз? (бес асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым бес дұшпан: өсек, өтірік, маөтаншақ, еріншк, мал шашпақ.)
Жеті татны таңыз? (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)
40 санымен байланысты ұандай ұғымдарды білесіз? (қырық шелпек, қырқынан шығару, қырқын беру, қырық жамау, қырық пышақ, қырық өтірік, қырық жеті, қырық ағаштың жапырағы, қырық қалта,қырық қазанның құлағын тістеу, қырық күн шілде т.б )
4 тақырып Өнерлі өрге жүзер
Күй дегеніміз не ? қандай күйлерді білесіз? (күй- музыкалық тартпа күй, шертпе күй деп те бөлінеді. Адай, балбырауын, сарыарқа т.б)
Ш. Айманов кім? (Ол- актер, режиссер, КСРО халық әртесі. Оның қойған көркем фильмдері: «Алдар көсе», «махаббат туралы аңыз», тақиалы періште» т.б көркем фильмдерде күрделі экрандық бейнелерді сомдады.)
Мүсіншілер өз туындыларын неден жасайд? (саздан, ағаштан)
Адам боймен тұтас бейнеленген монументтік мүсін қалай аталады? (статуя)
Дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндірісті атаңыз? ( Қолөнер, қолданбалы өнер)
«Бәйге» бойынша оқушылардың ұпай сандары есептеліп, бәйгеден ұтқан топ анықталады
Сайыс соңында 3 кезең бойынша жеңімпаз топ топ анықталып, білімдері бағаланады.
Қазақ тілін оқытуда интербелсенді ойындарды шығармашылықпен пайдаланудың негізгі мәні оқушыларды сабаққа түгелдей қатыстыру, олардың танымдық белсенділіктерін, пәнге деген қызыушылықтарын арттыру болып табылады.
Енді ойымды қортындылай келе мынадай ұстанымдарға тоқталамын: қоғамның дамуының қазіргі кезеңінде мектептерге мемлекеттік тілді оқытуда оқушылардың шығармашылық өзіндік әрекетін қалыптастыру, оқытушылардың алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі. Оқушының өзіндік жұмысын қалыптастыру мемлекеттік тілден білім сапасын арттырады. Осы жетілген ұстанымдардың іске асырылуы оқушының өздік әрекетін қажетті деңгейде қалыптастырады деген ойдамын.
Тыңдағандарыңызға рахмет!
С. Мәуленов орта мектебі
Дайындаған: Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі
Баянбекова О.С
Милісай селосы
Достарыңызбен бөлісу: |