Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет72/124
Дата24.05.2023
өлшемі0,65 Mb.
#96333
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   124
Байланысты:
keshen adisteme, 2022

Негізгі әдебиет: 1.[1.7:5]; 2.[1.7:6]; 3.[1.7:9]; 4.[1.7:22]
Қосымша әдебиет: 1.[1.7:7]; 2.[1.7:8]; 3.[1.7:10]


Дәріс -12 Әдебиет сабағының көрнекілігі
Мақсаты– көрнекілікті пайдаланудың мақсатын түсіну, көрнекіліктің түрлері мен оны пайдалану жолдарын игеру.
Жоспары:
1. Көру көрнекілігі, оның түрлері
2. Есту көрнекілігі, оның түрлері
Көрнекілік әдісі. Демонстрация. Схема, таблица, сурет, диапозитив, диафильм.Көрнекілік әдісі – оқу, түсіндіру, жаттықтыру, үйрету, балалардың өзіндік жұмысы тұсында қолданылатын көмекші тәсілдерінің бірі. Мұғалім сөзі, лекция, түсінік тұсында ол сурет көрсету, графика, синхроникалық таблица, схема, тақтаға мысал жазу, стенд, сурет, карта т.б. түрінде қолданылады.
Теориялық ереже берілетін болса, оның тексі тақтаға түседі. Соны балалар мысалымен көшіріп алады. Жазушының өмірбаяны өтілген болса, балалар оқулықтан сол материалды оқып, синхроникалық таблица жасап келеді.
Лекция тұсында мұғалім балаларды мұражайға, киноға апарады. Шоқан саяхаты, Ыбырай мектептері, Жоңғар қалмақтарының шапқыншылықтарының схемалық картасын жасау пайдалы. Көрнекі құрал бір ғана лекцияның құралы емес, оның сабақтың барлық буынына қатысы бар. Көрнекі құрал жасауға балалардың өздерін көбірек тартқан жөн.
Көрнекілік әдісі сабақпен тікелей байланысты. Ал сабақ бір ғана ұзын сонар сөзден құралмайды, кластағы бірлескен жұмыстан басталады.
Көрнекілік әдісінің түпкі мақсаты – қысқа да оңай жолмен, тиянақты білім беру. Көрнекілік – оқушылардың пәнге қызығушылығын, таным белсенділігін арттырады. Дегенмен, оны үнемі пайдалану оқушылардың дерексіз түрде ойлауын тежейді, көркем тілінің дамуына кедергі жасайды.
Көрнекіліктің түрлері
«Көрнекілік – педагогикалық сөздіктерде - оқушылардың тікелей қабылдау кезіндетнақты түрде әсер ететінтдидактикалық ұстаным» деген анықтама берілген. Оқыту процесінде табиғат заттары мен құбылыстарының маңызды рөл атқаратыны және көрнекілік түрлерін қалыптастыруда қажетті құрал болатыны белгілі.
Көрнекілік әдебиет пәніні оқытуда қолданылатын маңызды педагогикалық материалдың бірі ретінде мектеп практикасында үнемі қолданылып келеді. Көрнекілік сабақ материалымен тығыз байланыста болуы керек. Көрнекілікті қолдану оқышылардың психологиялық белсенділігін, сабаққа деген қызығушылығын жоғарылатып, материалды терең ұғынуына, есте сақтауына көмектеседі. Көрнекілікті сабақтың кез-келген бөлігінде қолдануға болады. Көрнекіліктер шартты түрде екіге бөлінеді.

Көру көрнекіліктерінек сызба, үлестірмелі кеспе қағаздар, оқулық, кітаптар, буклеттер, экранды және техникалық құралдар жатады.
Есту көрнкіліктеріне техникалық құрал түрлері, қосымша материалдардан алынған әңгімелеу жатады.
Көрнекі құралдардыдың қолдану тиімділігі жоғары болғаны жөн. Ол тек сабақтың сырт түрлендіру рөлін атқармай, мұғалімнің беретін ақпаратын еселеп, көрнекі түрде жеткізе алатын тірек брлкға тиіс. Мектепте көрнекілікті қолданудың өз тәртібі бар. Алдымкен көрнекілік оқушыға эстетикалық эсерлілігі, мазхмұндылығы тұрғысынан әсер ету керек. Көрнекілік сыныптағы оқушылардың қай қатарда отырғанына қарамай барлығына анық көрінуі қажет. Әр сабақта көрнекілікті қолданудың реті, көлемі сақталуға тиіс. Бір тақырыпқа бірнеше көрнекілікті үсемелей қолдану, оқушыларға олардың бәрін түсінікті ете бермейді, Көрнкілік оқышылардың жаңадан тансыға тьиісті тақрыбына тың ақпарат, көрнекілік тұрғысында қабылдануына әсер етуі керек. Көрнекілік түрін мұғалім сабақтың нақты мақсатына сай әзірдеп, оны сабақтың тиісті бөлігінде қоланып отырады. Оқушы көрнекілік арқылы әдебиет пәнін басқа ғылым, өнер түрлерімен байланыстылығы туралы, өтіліп жатқан материал жөнінде жан-жақты мағлұмат алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет