Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»


I.Есенберлин шығармаларын орта мектепте және жоғары оқу орнында оқыту



бет56/124
Дата03.05.2023
өлшемі0,83 Mb.
#89374
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   124
I.Есенберлин шығармаларын орта мектепте және жоғары оқу орнында оқыту
Қазiргi Қазақ әдебиетi бағдарламасы бойынша орта мектеп бағдарламасында да 60-90 жылдар әдебиетiнiң басты –басты шығармаларына шолу түрiнде болса да арнаулы сағат берiлген. Әрине бұл сағат көлемiнде 30- жыл iшiндегi әдебиетiмiздiң барлық табысы мен оның көрнектi өкiлдерiнiң шығармаларын оқып –үйрету оңай шаруа емес.Сондықтан ең бiрiншi кезекте тиiмдi жоспар қажет. Осы кезең әдебиетiндегi тарихи тақырыпта жазылған шығармаларды өту халқымыздың өткенiне, тарихына бүгiнгi күн биiгiнен қарай отырып, елiмiздiң басынан өткен бар болмысын шынайы көркемдiкпен бейнелеуде тарихи тақырыпқа арналған туындылардың әдебиетiмiзде алатын орны ерекше екені белгілі..
Әдебиет пен тарих бiр-бiрiмен тығыз байланыстағы ғылым салалары.Халық тарихы оның кезеңдiк оқиғалары әдебиетiмiзде көркемдiк шынайылықпен суреттелмей, танылмай қалған емес. Әр сыныпта және курста оны игертудiң өзiндiк еркшелiгi бар және оқытудың әдiс-тәсiлдерi де әр түрлi болып келуi мүмкiн.
Тарихи-әлеуметтiк мәселелердi кең қамтып,алуан сипатта баяндайтын сүбелi туындылар қатарына I.Есенберлиннiң “Көшпендiлер”,”Алтын орда” үштағандары (трилогия) Ә.Әлiмжановтың “Жаушы”,С.Смағұловтың “Елiм-ай”,!.Кекiлбаевтың “Үркер”,
М.Мағауиннiң “Аласапыран” романдары – қазақ тарихының ХIҮ ғасырдың орта тұсына дейiнгi әр алуан ғұмырын, қоғамдық болмысын, әлеуметтiк өмiрiн жан-жақты баяндап көрсететiн, көркемдiк нақышпен көз алдымызға елестеттетiн ,тнымдық та тәрбиелiк те мән-мағынасы орасан зор ,мүмкiндiктерi мол туындылар.
Жоғары сынып оқушылары да студенттер де атылмыш туындылардың барлығымен таныс болу керек. Ол үшін алдын ала міндетті оқылатын әдебиеттердің тізімі,оны орындаудың мерзімі белгілену керек. Әрине бiрер сағаттық шолуда “Көшпендiлер” тәрiздi үш кiтаптан тұратын кесек туындыны егжей-тегжейлi өту ,жан-жақты талдау мүмкiн емес.Оның үстiне көркем әдебиетке шолу жасау – оны талдау емес. Шолу тақырыпты дұрыс өтудiң өзiндiк мақсаты , көздейтiн нысанасы бар.Талдауға арналған сабақтардай емес ,шолуда оқытушы жетекшi тұлға ретiнде танылады. Ол оқушылардың қызғушылығын ояту мақсатында автор жайлы мәлімет береді. Бұл тұста оқытушы баяндау әдісін қолданылады. Ілияс Есенберлиннің балалық шағы қалың қазақтың жартысын жалмаған голощекиндік геноцидпен тұспа –тұс келді.Өзінен екі жас кіші інісі Рунақпен екеуі жастайнан жетім қалып,балалар үйінде тәрбиеленіп,тағдыр тауқыметін көп тартты.Ұлы Отан соғысынан жаралы болып елге оралған соң Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінде жауыпты қызмет атқарып жүрген кезде халық жауының қызына үйлендің деген айып тағылып,қызметінен босытылды. Әйелі Дилара 1938 жылы І.Жансүгіров,Б.Майлинмен бірге атылған Казкрайкомның хатшысы, бюро мүшесі, Казсовпрофтың төрағасы, Көркемәдебиет баспасының директоры қызметтерін атқарған аяулы азамат Хамза Жүсіпбековтің қызы.1940 жылы Қазақ мемлекеттік кен – металлургия институтын бітірген. Шығармалары 1940 жылдан бастап-ақ жариялана бастады.
«Айқас» романы үшін Абай атындағы мемлекеттік сыйлық берілді.Сабақ негiзiнен лекцияға құрылады.
Шолу лекциясы әдетте белгiлi бiр кезеңдегi қоғамдық әлеуметтiк жағдайды және сол дәуiрдiң әдеби даму прцесiн танытуды көздейдi. Осы тұрғыдан қарағанда шолу тақырыпты өткенде алдымен Қазақстан тарихындағы материалдарды тиiмдi пайдалану керек.Екiншiден, оқушылар осы шығарманы игеруге дейiн де тарихы тақырыпта жазылған шығармалармен етене таныс. Олар: М.Әуезовтiң “Абай жолы”,С.Мұқановтың ”Аққан жұлдыз”, I.Жансүгiровтiң “Құлагер” т.б. тарихи тақырыпқа арналған шығармалармен таныс және тарихи шығариалардың жанрлық ерекшелiгi мен өзiндiк сипатын аңғарып келедi, сондықтан бұл мәселеге уақыт алып қайта түсiндiрудiң қажеттiлiгi болмас.Ең бастысы “Көшпендiлер” трилогиясының олардан басты ерекшелiгi неде,не үшiн оны тарихи -әлеуметтiк туынды деп атаймыз деген мәселе төңiрегiнде iздендiру ,оған тиянақты дәлелдi жауап тапқызу керек.
Тарихи -өмiрбаяндық романда тарихта болған қайраткердiң өмiр жолы,қызметi хронологиялық тәртiпте көркемдей баяндалады.Басты кейiпкерлерi көбiне өнер адамдары болып келедi.Ең бастысы – өнер адамының тағдыры сөз болады.
Тарихи -әлеуметтiк шығармада үлкен әлеуметтiк оқиға, тарихи кезең қамтылады,басты тұлғалар бiрнеше адамдар болады.Негiзгi кейiпкерлерi iрi тұлғалар,ел басқарушылар,батырлар, хан-сұлтандар.Халық тағдыры, қилы кезеңдер оқиғасы көбiрек суреттеледi.Жаугершiлiк шайқас,шетелдерге қарсы күрес оқиғалары көбiрек орын алады.
Ел бiрлiгi,сыртқы жауларға соққы беру,ел азаттығын сақтау идеясы басымырақ.Жеке адамдар арасындағы тартыс ,көзқарас,пiкiр қайшылықтары молырақ көрсетiледi.
Адамгершiлiк идеясы,өнердiң халықтығы,халыққа қызмет ету идеясы бiрiншi орында тұрады.
I.Есенберлин “Көшпендiлер” трилогиясы – тарихи -әлеуметтiк туынды.
Жоспар:
1.Қазақ әдебиетiнде тарихи шығармалардың көптеп жазыла бастауы,оның негiзгi себептерi.
2.Тарихи шығармалардың тақырыптық және жанрлық жақтан баюы.
3.Тарихи тақырыпты игерудегi батыл iзденiстер,оның I.Есенберлин шығармаларындағы көрiнiсi.
4.”Көшпендiлер” трилогиясы және онда суреттелетiң тарихи кезең.
5.”Алмас қылыш” – Қазақ халқының қалыптасу , қазақ хандығының құрылу туралы шежiрелейтiн шығарма.
а/ Дестi –Қыпшақ әмiршiсi Әбiлқайыр ,оның немересi Мұхамед Шайбани желiсi.
ә/ Керей –Жәнiбек және Бұрындық – Қасым желiсi.
б/ Романдағы халық өкiлдерi мен ақын-жыраулар, олардың ролi.
6.”Жанталас” романы – ХҮIII ғасырдың қанды оқиғасын суреттейтiн туынды.
А/Жоңғар шапқыншылығы.
ә/Әбiлқайыр және оның тарихтағы ролi.
Б/Романдағы Абылай желiсi.
В/ Бұқар және өзге де халық өкiлдерi.
7.”Қаһар” романы .
а/ Романда суреттелетiн тарихи оқиға,оның мәнi.
ә/Патша өкiметiнiң отаршылдық қысымы.
б/ Кенесары образы
Студенттердің өз бетінше ізденуін де жопарлы түрде ұйымдастыру - білім беру сапасын жетілдірудің тиімді жолы, сондықтан да трилогия бойынша жер-су атауларын шежiрелеу,ақын-жыраулар бейнесi деген тақырыпта реферат жазу ұсынылады.
“Алмас қылыш ” романында Асан қайғы тәрiздi аты аңызға айналған данышпанның ел ынтымағын сақтау үшiн еткен еңбегi әрекетi берiледi. Асан атадан бастап Қотан, мен Қазтуған, Шалкиiз, бен Бұқар,Көтеш пен Тәтiқара, Арыстан мен Нысанбай секiлдi ақын-жыршылар бейнесi бар. Асан ата – қашаннан халық есiнде ел қамқоры,дана сәуегей,абыз ретiнде сақталып,жатталып қалған. Бiр жағынана бұл фольклорлық бейне.Халқымыз Асан атына “қайғы” деген сөздi бекер тiркемеген.Асан қайғысы – ел қайғысы.Қайткенде де халқымды бақытты тұрмысқа жеткiземiн,”жер үйек” тәрiздi ұжмақ мекенге орналастырып,бейбiт өмiр кешетiн,қой үстiне боз торғай жұмыртқалайтын ,жесiр қатын мың қой айдайтын дәурен орнатам деген арманнан туған қайғы. Автор Асан тұлғасын жасауда Бiрыңғай фольклорлық, аңыздық нұсқамен кетпейдi,жаңа қырынан көрсетуге ұмтылады. Оның өткендi саралап ,келешектi болжап қана қоймай ,нақты iске кiрiсетiн тұстары да “Алмас қылышта ”айқын суреттеледi.
Романда Шах Будақ сұлтанның асын суреттеуге бiраз орын берiлген.Мұндағы Қыпшақ жырауы қарға бойлы Қазтуған мен Арғынның ақиығы Қотан қарттың айтысы осынау ерекше өнер жарысында әдiл төрелiк еткен Асан ата бейнесi үлкен роль атқарып тұр. Фольклорлық материалды дұрыс та тиiмдi пайдалану – тарихи романдар үшiн аса зәру мәселе. Шах Будақ сұлтанның асында төбе би болып ,төрелiк айтар тұста азулы Әбiлқайырға қарата Асан былай дейдi:
–Атамыз Майқи биден берi бәйгi хан ордасына кiм асыра мақтай алса ,соған берiлiп келектiн-дi. Бұл жолы ата жолын бұзбақпыз.Егер соған көнсең , төрешi боламын (51-бет).
Асан ата кiм өз елiнiң жауға қарсы көрсеткен ерлiгiн дұрыс баяндап берсе,соған берудi ұсынады.Сонымен қатар айтысушы ақындардың бiрiнiң мақтаған нәрсесiне екiншiсi әдiл де тапқыр сын жауап айтуын талап етедi.Романда бұл айтысқа ерекше мән берiлген. Автор айтыс матнриалын романның идеялық нысанасына сай кәдеге асыра бiлген. Iргелi екi рудың ақындары азаматтық итарих батырлық дәстүрдi жырлай отырып,қарсылас рудың осал жақтарын да , кекетiк жерлерiн терiп айтуы – айтыс жанрында бағы замандардан келе тжатқан дәстүр.Осы дәстүр “Алмас қылышта” жаңаша сипат алады.
I.Есенберлин суреттеген Асан қайғы – аты аңызға айналған кейiпкер.Қотан ,Қазтуған туралы да нақты тарихи деректерден гөрi аңыз көбiрек.Халық жадында осылай сақталған бұл жыраулар романда нақтылана түседi.
Романда жоғарыдағы айтысқа әдiл төрелiк еткен Асан ата халық құрметiне бөленiп отырады.Қазтуған мен Қотан айтысы әдеттегi сөз сайысы деңгеiнен қалмайды. Мұнда әлеуметтiк мәнi зор халықтық мәселе көтерiлген.Рушылдық намыстың аса күштi кезiнде бұл жыраулардың өз руын мақтап, өзгелерден биiк етiп, аспандата дәрiптеуi дәстүрлi көрiнiс болатынОсыған орай, Қыпшақтың батырлығын,ерлiгiн дәрiптеймiн деп,арқасы қозып арындап кеткен Қазтуғанға Асан ата ескерту жасап, Бiр кездегi Қыпшақ батырларының өзге елдi жаулап алу саясатының халыққа жат екендiгiн бiлдiрiп,оны тоқтатып отырады.
Асан ата –халық даналығын бiр басына мейлiнше мол жинаған тұлға.Реттi жерiнде әмiршi деп қаймықпай Әбiлқайырдың да зұлымдығын бетiне басып отырады.Әз-Жәнiбек ханға да өз пiкiрiн өткiзiп,өзiмен хан-сұлтандарды санасытын етуi– Асанға деген халық сенiмiнiң,құметiнiң айғағы.
Қыпшақ ерлiктерiнiң ең қызық жерiнде тыңдамай кеткен бiлқайыр мiнезi ұнамай қалған Асан қайғы отырған орнынан қозғалмастан:
Көлге үйренген қоңыр қаз,
Шөл қадiрiн бiлмейдi.
Шөлге үйренген дуадақ
Көлге апарып қамасаң,
Шөлiн аңсап шөлдейдi.
Хан ием, халыө өз тарихын естiмей, сағынып қалған екен,өзiң намазыңа асықсаң,өзгемiзге айызымызды қандыруға рұқсат ет,- дейдi.Асан ата.(80-бет).
Халық ерлiгiн шабыттана жырлаған Қазтуғанды тоқтатып тастаған Әбiлқайырға қатты назаланып,оның ел бiрлiгiн ыдыратқалы, ру арасындағы алауыздыфқты өршiткелi тұрған зымиян саясатына ашынып, Асан уытты жырын төгедi.
Бiтеу өскен қауынды,
Тұрсың,ханым, жарғалы
Досыңнан iздеп жауыңды,
Тұрсың жалғыз қалғалы.
Ұмыттың қазақ даласын,
Ұлғайттың жаным жарасын,
Бiр атаның баласын
Екiге бөлiп барасың!-
Деген толғау жолдарын Әбiлқайыр ханның көшпелi рулар Қыршақ пен Арғынды жауластыруы,сондай-ақ қазақ елiнМавераннахрдағы әкiмдердiң талап-тонауына жол беру секiлдi әрекеттерiн сынау,әшкерелеу сарыны көрiнедi. Әрине мұның бәрi Асан атаның халқына рақа сүйеуi.,халық кһөкейiндегi сөздi сөйлеуiҚанша қаһарлы болса да , жаунгер халық қазақтың ардақ тұтқан дана қариясвы Асанмен санаспауға Әбiлқайырдың шарасы жоқ.
Қазақ халқының хандық құрып өз алдына iргелi ел болуында әз-Жәнiбектiң елеулi орны бар. Жәнiбек пен оның баласы Қасым халық тарихындағы орны мен ролi тұрғысынан дұрыс суреттелген.Халақ өкiлдерi ақын –жыраулар роман желiсiнде үнемi Жәнiбек жанынана табылады.
Асан ата Жәнiбекке:

  • Тiрi қалғың келсе ,елiң күштi болсын ,-дейдi.

  • Елiм қайтсе күштi болады ?-деген хан сұрағына:

  • Арманына жеткен ел күштi болады.,-деп, Жер Үйектi –Жетiсуды келешекте халқына тұрақты қоныс еткiзудi маслихат етедi.Оған бiз жетпегенмен бiздiң ұрпағымыз жетедi,-деп түйедi дана қарт.

Арғынның ақиық атанған ақыны Қотан ақын.Қарт жырау көптi көрген ,халқының өткенi мен бүгiнiн де зерделi көңiлге сергек түйе бiлген адам.Қазтуғанмен айтысында жаугершiлiктен гөрi елдiктi,адаигршлiк пен достықты,бейбiтшiлiк пен өнердi бiрiншi орынға қойған.Ол Ел басына күн туған кезде кәрi қобызын аңыратып отырып:
Уә,жiгiтләр,жiгiтләр,
Жалаңаш жерде жауға шап,
Осынау жалған дүниеде,
Ажал жетпей өлмек жоқ,-
Деп, халықты елi мен жерiн қорғау үшiн ұлы күреске шақырады.
“Жанталас” романындағы орталық кейiпкер Абылай хан десек , Сол Абылайдың кеңесшiсi Бұқар жырау.
Бұқар –тарихи тұлға. ХҮIII ғасырдағы қазақ әдебиетiнiң аса көрнектi өкiлi.Романда ол қолбасы батыр, заманының терең ойлы, көреген дана қарты. Ол шығармада тек творчество адамы емес, үнемi iрi кесек те келелi мәселелердiң арасында жүредi. Бұл туралы әдебиетшi ғалым Хасен Әбдiбаевтың “Iлияс Есенберлин Асан қайғы мен Бұқар жырауды ылғи қоғамдық iрi iстердiң толқынына салып жiбередi.”,- деуi шындыққа саятын пiкiр.
Бұқар – үнемi ат үстiнде жүрген, бар өмiрiн халық арасында өткiзген адам. Оның көксейтiнi ең алдымен ел бiрлiгi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет