Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет77/124
Дата03.05.2023
өлшемі0,83 Mb.
#89374
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   124
Негізгі әдебиет: 1.[1.7:3]; 2.[1.7:5]; 3.[1.7:6]; 4.[1.7:9]
Қосымша әдебиет: 1.[1.7:4]; 2.[1.7:16]
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР ЖОСПАРЫ МЕН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Практикалық сабақтардың мақсаты мен мiндеттерi – лекция курстарында берілген теориялық мағлұматтарды бекiту және тереңдету. Осыған сәйкес практикалық сабақтарда курстың маңыздырақ тақырыптары ұсынылады.
Практикалық (семинар) сабақтар бойынша әдістемелік нұсқаулар сабақ тақырыбынан, мақсатынан, жоспарынан, бақылау сұрақтарынан, блиц-тест тапсырмаларынан, глоссарийден, сабақ өткізуге пайдаланылатын сызбалардан, ситуациялардан, иллюстрациялық және үлестірме материалдардан, мәнжазба және эссе тақырыптарынан, пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 практикалық сабақ
Тақырыбы:Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні және әдебиетті оқытудың ғылыми-теориялық негіздері.
Жоспары:
1. Әдебиетті оқыту әдістемесінің сипаты.
2.Әдебиетті оқыту-ғылыми пәні, мектептік пәндер жүйесіндегі орны, ерекшеліктері.
3.Мектептегі қазақ әдебиеті курсының мазмұны.
4.Өзге ғылым салаларымен байланысы.
Мақсаты: Әдебиетті оқыту әдістемесінің мақсат-міндеттері, пән ретінде оқытылу тарихынан мәлімет беру. Әдебиет методикасының мазмұнын белгілеудегі басты мәселелердің бірі боп саналатын мұғалімнің әдебиет пәнін оқытуда қолданатын әдіс, амалдары мен тәсілдері, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінің негізгі объектісі, мақсат-міндеттері, мазмұн аясы жөнінде білім беру.
Тексеру сұрақтары:
1.Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пән ретінде Қазақстан жоғарғы оқу орындарында қашаннан бастап оқытыла бастады?
2.Әдебиет әдістемесі қандай ғылымдардың қатарына жатады және қарастыратын объектісі қандай?
3.Әдебиет әдістемесінің мазмұны қандай мәселелерді қамтиды?
4.Әдебиет әдістемесі пәнінің мақсат-міндеттері қандай?
Глоссарий:
Әдебиет пәні – адамның өмірі, қоғамдық қарым-қатынастар мен алуан түрлі қоғам өміріндегі құбылыстар, өз мінез-бітімімен дараланып көрінетін жеке адамдардың тағдыры. Әдебиет қоғам өміріндегі сан қилы шиеленіс, тартыстарды, қақтығыс пен күресті бейнелейді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет