Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет78/124
Дата03.05.2023
өлшемі0,83 Mb.
#89374
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   124
Байланысты:
keshen adisteme, 2022

Әдебиет әдістемесі - нақты оқу педогогикалық процесте оқушыларға әдеби білім мен дағды берудің ғылыми және тиімді жолдарын үйрететін оқу пәні.
Әдебиеттану-көркем әдебиетті,оның түп-төркінін,мән-маңызы мен даму үрдісін зерттейтін ғылым.Яғни,әдебиеттану-көркем әдебиетті,оның пайда болуы мен әлеуметтік байланыстарын,сөздік,бейнелілік тұрғыдағы ойлау ерекшеліктерін,көркем шығармашылықтың табиғатын,негізгі қызметін,әдеби әдіс-тәсілдің жалпы және даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Әдебиет теориясы-әдеби шығармашылықтың болмысын,қызметін,қоғамдық міндетін зерттеп,көркем мәтінді талдаудың әдіснамасы мен әдістемесін айқындайды.
Әдебиет тарихы-әдебиеттану ғылымындағы көркем сөз өнерінің даму жолын,идеялық бағыт-бағдарын,әдеби ағым-тәсілдерді,олардың қоғамдық-әлеуметтік ортамен байланысын танып білуге бастайды.
Әдебиет сыны-көркем туындыны талдап,саралап баға беретін,олардың көркемдік идеялық бағыт-бағдарын,әдеби үрдісте алатын орнын зерделеп,анықтайтын әдебиеттанудың бір саласы.
Сызбалар, тапсырмалар, ситуациялар:
Қазақ әдебиетінің әдістемесіне қатысты жазылған еңбектерді талдау.
Формасы: зерттеушілік және шығармашылық жоба
Мәнжазба тақырыптары:
1. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің сипаты
2. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. Өзге ғылым салаларымен байланысы.
Блиц-тесттер:
1.Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты
А)Студенттердің әдебиетті оқытудағы дағдыларын
қалыптастыру.
Б) Ауызша және жазбаша сөйлеуге үйрету.
В) Оқушылардың творчестволық қабілетін жетілдіру.
Г) Жазушының эстетикалық мұраттарын дұрыс тани білу.
Д) Әдебиетті өмірмен байланыстыра оқыту.
2. Оқу жүйесі ең алғаш рет жаңалық енгізген қазақ педагогы
А) Абай В) Шоқан С) Ахмет
Д) Ыбырай Е) Жүсіпбек
3. Әдебиет пәні бағдарламасы:
А) заңдар жинағы В) Мемлекеттік құжат
С) Сыныптан тыс оқу құралы Д)Жоспарланған сағат
сандары Е) Педагогикалық құжат
4. «Әдебиетті оқыту методикасы очерктері» еңбегінің авторы кім?
А) А.Көшімбаев В) Ә.Қоңыратбаев С) А.Байтұрсынов
Д) Қ.Жұмалиев Е) Қ.Бітібаева
5. «Әдебиеттік оқу» әдістемелік оқулығының авторы кім?
А) А.Көшімбаев В) Ә.Қоңыратбаев С) Ш.Кәрібаев
Д) Қ.Жұмалиев Е) Т.Ақшолақов




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет