Күлбану Досымбаева, Палодар облысы, Екібастұз
қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандан-
дырылған №1 лицей мектебінің мұғалімі.
Алғаш еңбек жолымды бастағанда жазылған жұрнал мен үшін қатты ыстық. Әкемнің айтуы бойынша жазылған болатынмын. Әкем «Бірінші көмекшің осы жұрнал болады» деп 1991 жылғы алтыншы басылымын қолыма ұстатқан-тын. Менің әкем де – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып 37 жыл қызмет атқарған адам. Содан 2000 жылдан бері бірде-бір жыл арасын үзбей жазылып келемін. Ізгі ниетпен: Сайран Бәкенұлы, Қарағанды облысы,
Қарқаралы ауданындағы №4 орта мектептің мұғалімі. Ұстаздар қауымының сүйікті жұрналы барша мұғалімдердің кәсіби өсуіне мол мүмкіндік беретін тағылымды дүние екендігіне ешкім күмән келтірмеуі керек. Себебі мен секілді жас мамандарға төл жұрналымыздың
118
берері мол. Сондықтан да мен намысқа тырысып, үнемі бір жылға жазылып, Төл жұрналымыздың тағдыры үшін жұмыстанамын.