Гүлнұр Әлденова, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,
Кенбай орта мектебінің
мұғалімі. Мен өзіміздің төл жұрналымызға жыл сайын жазыламын... хуралай Алданыш, Абай атындағы көпсалалы мектеп-
гимназия мұғалімі. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма
ауданы.
Сіздердің жұрналдарыңыз болашақ ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде көмекші құрал болып отыр. Жұрналды бірнеше жылдан бері іс-тәжірибемде пайдаланып келемін. Нұрила Омарова, Қызылорда қаласындағы Темірбек
Жүргенов мектебінің мұғалімі. 2007 жылы институтты бітіріп, алғаш еңбек жолымды бастағаннан әлі күнге дейін өзіме әдістемелік көмекші құрал ретінде серік етіп келемін. Жұрнал сандарында жарияланатын әріптестерімнің іс-тәжірибелерінің өзіме қажеттісін алып, сабақтарыма пайдаланып отырамын. Алдағы уақытта сіздерге толағай табыстар тілей отырып, жанашыр оқырмандарыңыздың төл басылымын әрдайым жандандыра беріңіздер демекпін! Хат жолдаушы – Шатаева Айнагүл Оралбайқызы, Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, №3 жалпы
орта білім беретін мектептің
мұғалімі. Сіздерге Көкшетау қаласынан хат жолдап отырмын. Көкшетау қаласындағы жалпы білім беретін №8 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беремін. Осы салада алты жыл қызмет етіп келемін. Кітапхана қорындағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» жұрналында әріптестерімнің жарияланған материалдарынан өз
119
тәжірибеме көп мәлімет алдым. Енді осы жылдан бастап жеке жазылдым... Саят Болатқызы. Бүгінгі таңда қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің бірден-бір көмекшісі –
өздеріңіз ғана. Жұрнал уақытынан кешігіп келіп жатса да асыға күтемін. Себебі заман талабына сай жаңа технологияларды, білім саласындағы соңғы жаңалықтарды, тіл мен әдебиетке байланысты зерттеу жұмыстарын жұрналдан оқып білеміз. Бұл – ауыл мұғалімдері үшін қомақты көмек. Мен жұрналдың 1991 жылдан бергі оқырманымын. Осы уақыт ішінде жұрналдан алған мағлұматым білімімді көтеруге көп көмек тигізді...