«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық


  Кейіпкерлерді  сөзбен  суреттеушілер



Pdf көрінісі
бет15/145
Дата16.05.2022
өлшемі0,95 Mb.
#34593
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   145
Байланысты:
kazak tili men debieti 2013 no 08

6.  Кейіпкерлерді  сөзбен  суреттеушілер.  Кейіпкердің, 
оқиғаның суретін сөзбен салады. 
Оқушыларды  іздендіру  үшін  сұрақ  қоя  білуде  оның 
саналы  ойлауы,  жан-жақтылығы,  білім  мен  біліктілігі 
қалыптасады.  Сонымен  қатар  жоспарлы  түрде  жұмыс 
істеуге машықтану үшін  мәтін бойынша жоспар құру әдетін 
қолдануға  болады.  Нәтижесінде  оқушы  мәтін  бөлімдеріне 
қысқаша  тұжырымдама  жасап,  әрбір  оқиғаға  ат  қойып, 
өзіндік ізденуі мен білім дағдысын берік қалыптастырады. 
Мәтін бойынша түсініксіз сөздер тізбегін жасау, поэзиялық 
шығармаларды  прозаға  айналдыру  тәсілдері  де  оқушының 
жан-жақты дамуына үлкен ықпал етеді. Бұл әдіс-тәсілдердің 
барлығы 
– әдебиет сабағында қамтылатын мәселелер.  


20
Мұғалімнің  рухани  зияткерлік  шығармашылық  деңгейі 
жоғары  болса,  ол  мұғалім  оқушының  шығармашылық 
қабілетінің дамуына жол таба біледі. 
Адам  бойына  біткен  алуан  қасиет,  дарын  туған  топы-
рақтан  дариды.  Тіршілік  ортасы  –  оның  ажырамас  бөлігі. 
Оқушы  күш-қуатты  да,  шабыт,  дарынды  да  сол  ортадан 
алады.  Олай  болса,  атамекен,  туған  жеріне,  туған  тіліне 
деген зор сүйіспеншілікке толы салтымызды жандандырып, 
оны келешекке ұрпаққа мейлінше терең сіңіруіміз қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет