90
Шарықтау шегі:
Ғалидың қызды алып қашуы.
Шешімі:
Ғалидың қазасы.
Қорытынды:
Жамалдың хаты.
Оқушыларды қатыстыра отырып, романның он үш
бөліміне ат қойғызамын.
Шығарманың композициялық құрылымы:
І бөлім.
Сәрсенбайдан «Сүйінші» сұрау немесе
Сәрсенбайдың қуанышы.
ІІ бөлім.
Сәрсенбайдың қызы болуы.
ІІІ бөлім.
Жамалдың ер балаша киінуі,
әке алданышы.
ІV бөлім.
Жамалдың сауат ашуы.
V бөлім.
Сәрсенбайдың сайлауда жеңілуі.
VІ бөлім.
Жамалдың Жұманға атастырылуы.
VІІ бөлім.
Жамалдың уайымы.
VІІІ бөлім.
Ғали мен Жамалдың кездесуі.
ІХ бөлім.
Жамал мен Ғалидың сүйіспеншілігі.
Х бөлім.
Ғалидың қызды алып қашуы.
ХІ бөлім.
Сәрсенбай ауылындағы дау.
ХІІ бөлім.
Ғалидың қазасы.
ХІІІ бөлім.
Жамалдың қазасы.
Оқушыларға конверттен Жамалдың хаты алынып
оқылады. Мұғалім тағы да романның құрылысы мен
ерекшеліктері туралы түсінік береді.
І тапсырма. Венн диаграммасы.
Ғали: Жұман:
кедей жігіт. бай баласы.
Жамалдың
құрдастары:
оқыған, өнерлі. оқымаған.
(Оқушылар диаграмманы толтырады).
Достарыңызбен бөлісу: