Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы Қазіргі қазақ тілі морфологиясы


Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары



бет44/44
Дата10.03.2022
өлшемі88,61 Kb.
#27397
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
практикалық сабақ морфология

5. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

Жаттығу жұмыстары.

1-жаттығу. Семантикалық кестедегі шылау сөздерді топтастырыңыз.





Мысалы

Септеулік шылау

Жалғаулық шылау

Демеулік шылау

1.

Мен,бен, пен










2.

бірақ










3.

Және, әрі










4.

Үшін, тәрізді










5.

Ба, бе










6.

Дегенмен, әйткенмен










7.

-ды, -ді, -ты, -ті










8.

Түгіл,тұрмақ, тұрсын










9.

-ақ, -ау










10.

Сайын, сықылды










11.

Біресе, кейде, бірде










12.

Әйтпесе, я болмаса










13.

Ғана, қана










14.

Немесе, я










15.

Әлде, я болмаса










16.

Алда-жалда, егер де










17.

Мейлі,құй










18.

Туралы, сынды










19.

Сөйтсе де, сонда да










20.

Шамалы, шақты










21.

Кейін, соң, бұрын, бері










22.

Дейін, шейін, қарай, таман










23.

Байланысты, қатысты










24.

Па,пе










25.

сондықтан










26.

-мыс, міс










27.

Сияқты, тәрізді










28.

Ғой, қой










29.

Қатар, қабат










30.

Себебі, сол үшін









2-жаттығу. Мәтіндегі одағай, шылау сөздерге талдау жасаңыз.

Қалаға қарай бет алған Еркебұлан мен Қайсар да адасып кетті. Көп үйлі, көп ауыл-аймақтың анасы есепті болған Ұлпаннан базарлық дәмететін жандар да аз емес (Ғ.Мүс.). Тәйт! – деп жұлып алды да, босағаға бір-ақ соқты. Әп, бәрекелді! Онда мына Мұқатайды бір жолға маған тастап кет (Ғ.Мұст.). Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, жоқ-барды, ертегіні термек үшін (Абай). Япыр-ау, бүгінгі техника қалай-қалай дамып бара жатыр-ей? (Ғ.Мүс.). Жетем деп жете алмай қалған, көремін деп көре алмай опынған, арманда кеткен пақырлардың жасы ма, бәлкім (Д.Д.).
3-жаттығу. Одағай, шылау сөздердің тыныс белгілерін қойыңыз.

-Бай бай бай бай

-Жарым ес-ай (Б.Майлин.)

-«Налок» дей ме «мәлөк» дей ме

-Әй қатырды ғой басымды кеп... (Б.Майлин.)

Шіркін ой - деп қойды Бектас қарт... Өй мынауың не – деді ол қайтып кеп. Қап деп өкінді Қалқаман. Ойбай мынауыңның түбінде серейіп екі үлкен қасқыр жатыр! (С.Мұқанов.)

Ой ой оған шейін мен қартайып қалам ғой Пай пай бұл арада тоғай орнатпақпысың... Е кім біледі (Т.Садықбеков.) Бәрекелді анаңа рақмет
4-жаттығу. Модаль сөздерді тауып, талдау жасаңыз.

Мерейі асқан өренім, Кебек сынды таққа бер. Қиуадан шауып, Қисынын тауып. Күн сияқты ол дағы күреңітіп. Алыста қарауытқан бірдеңелер ұшып жүрген көрінеді. Сенсіз өткен күнім де түн сыңайлы (Әбілдаева) Мынау адамның басы реуішті нәрсе екен (КТДС). Рас, мен осы кісімен бір мектепте оқитынмын. Бүгін бізде қазақ тілі сабағы жоқ қой. Расында, мына көйлектің түсі әдемiрек. Сіз мен сияқты ақ көңіл адам екенсіз. Шынын айту керек, жалқаумын. Ертең жаңбыр жауатын шығар. Көп нәрсені білетін көрінеді. Әрине, осы аяқ киімді алу керек. Жасыратыны жоқ, жұмысым оңбай жүр. Шынында, саған беретінім жоқ. Әлі талай тойлар болар. Мүмкін, Қарағандыға ертең жүріп кетерміз.​



6. Үй тапсырмасы: Мәтін құрамындағы сөздерді құрамына қарай талдау.

7.Сабақтың тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:

1. Әміров Р. Қазақ тіліндегі жалғаулықтар. Алматы, 1959.

2. Кенжебаева Ф. Шылау сөздер. «Қазақстан мектебі», №9, 1962.

3. Шақаман Ы. Демеулік шылаулардың зат есімге тіркесі мен қолданылу аясы. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, 1967, №9, 77-80б.



4. Сарыбаев Ш. Междометия в казахском языке. Алматы, 1959.

5. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002. 289-305 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет