Қажетті әдебиеттер:
Сыздықова Г. Қазақ тілі морфологиясы. -Алматы, 2012.
Момынова Б.Қ., Саткенова Б. Қазақ тілінің тарихи морфологиясы. -Алматы, 2014.Қазақ грамматикасы. -Астана, 2002
Оралбай Н., Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. -Алматы, 2012
Ахабаев Ә., Омарова Б. Қазіргі қазақ тілінен лаборотиялық жұмыс (Морфология). -Алматы, 1992
2– практикалық сабақ
Тақырыбы: Негізгі грамматикалық ұғымдар
Қаралатын мәселелер:
Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері
Грамматикалық форма
Грамматикалық категория
Грмматикалық тәсіл, грамматикалық құрылым.
3. Қысқаша мәлімет:
Адам өзінің ойын жеткізу үшін қажетті сөздерді бір-бірімен байланыстыра отырып қолданады. Мысалы, Менің ағам Мәскеуде оқиды деген сөйлемдегі мен, аға, Мәскеу, оқы деген сөздер түбір қалпында тұрып сөйлемнің мазмұнын, айтайын деген ойын бере алмайды. Демек бұл сөздерді түрлі грамматикалық тәсілдер арқылы бір-бірімен байланыстырып қолданғанда ғана толық мәнді, тиянақты ой жеткізіледі. Олай болса грамматика тілдің грамматикалық құрылысын қарастырады. Грамматикалық құрылысқа тән грамматикалық ұғымдарды, грамматикалық мағынаны, грамматикалық форманы (тұлғаны) және грамматикалық категорияны ажыратып, олардың өзара байланысы мен өзіндік ерекшеліктерін танудың маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |