3. Берілген сөздердің мағынасын есіңе сақта. Осы сөздермен сөйлем құра. Тал түсте, тапа-тал түсте, талма түсте.
II деңгей. Бір үстеуден бірнеше үстеу жаса. Жасалуы мен емлесіне көңіл аудар. Кеш, әрең.
2. Осы тұрақты тіркестерге мағыналас тұрақты тіркестер тап. Мағынасын анықта. Қас пен көздің арасында, қан сонарда, асығы алшысынан түсу.
III деңгей. а) Берілген үстеулер қай жұмбақта кездеседі? Таңертең, түсте, кеште. Таң атқанша, таң атқан соң.
ә) Абайдың бір өлеңінен үстеу кездесетін өлеңді жатқа жаз.
2-жаттығу. Жалғаулардың көнеленуінен жасалған үстеулерді табыңыз.
Ертеңі қалай болмақ («Егемен Қазақстан»). Осы тұрғыдан алғанда болашақты ойлағанда, бүгініміз ұмыт қалмаса екен дейсің («Жас Алаш»). Біздің ауданда орыс болмады, мектептегі орыс тілі сабағынан үйренген аз ғана орысшам, әсіресе, әйел арасының әңгімесіне келгенде тіпті тапшылық қылды (Т.Ахтанов). Одан әлі талайын тартарсың (М.Әуезов).
№3-жаттығу. Төмендегі еліктеуіш сөздерді мағынасына қарай топтастырыңыздар. Еліктеуіш сөздерді өзге сөз таптарына айналдырыңыздар.
лап, бұрқ-сарқ, сатыр-күтір, дүңк, лып, қыңқ, арс, тарс-тарс, жалт-жұлт, тараң, сылқ , салп-салп, сықыр-сықыр, бұлқан-талқан, қалш-қалш т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |