3-жаттығу. Сөйлемге толық морфологиялық талдау жасаңыз.
I. Жаманның көңілі көкте, басы жерде,
Алыс қой аңгарганга екі арасы...
Жақсының өзі кіші, ойы биік,
Бірдей ме екеуінің мәртебесі /Ж.Ж./
2. Біреулер қара сөзді қамшы қылып,
Қуды мініп, құланды құрықтап жүр. /Ж.Ж./
Тыстағы бір-екі күннен бері тынбай сіркіреп тұрған ак жауын осы кештің көңілсіз тірлігін көбейте түскендей. Алты ай бойы ақ тонын айқара жамылып, теріс қарап жатып алған қиқар шал буыншық-түйіншегін жинастырып, кешелі-бүгін ғана терістікке қарай қозғала бастаған қалпы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |