Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы Қазіргі қазақ тілі морфологиясы



бет17/44
Дата10.03.2022
өлшемі88,61 Kb.
#27397
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44
Байланысты:
практикалық сабақ морфология

4. Бақылау сұрақтары:

  1. Сан есімдер қандай ұғымдарды білдіреді?

  2. Сан есімдердің затқа қатысы қандай?

  3. Сан есім қандай мағыналық топтардан тұрады?

  4. Сан есімдер қандай сұрақтарға жауап береді?

  5. Сан есім заттанады ма?

  6. Реттік сан есімдер қандай қосымшалар арқылы жасалады?

  7. Жинақтық санның сөзжасамға қатысы қандай?

  8. Болжалдық сан есім қандай мағына береді?

  9. Топтық сан есімдер түрлене ме?

  10. Сандық ұғымды тек сан есім білдіреді ме?

  11. Сан есім қандай синтаксистік қызмет атқарады?

5. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

Жаттығу жұмыстары.

1-жаттығу. Сан есім түрлерін анықтаңыз.

Сол-ақ екен, Мағрипа төрт құбыласы теңелгендей көңілі шалқып, қолда барын дастарханға үйіп-төгіп, арқа-жарқа жайылып сала берді. Қабат-қабат қалың таулардың арасында иіріліп жатқан жасыл сайдың бойын құлдилай қонған үш-төрт ауыл. Иірім-иірім әр ауылда алқа-қотан тігілген қараша үйлердің қалың ортасында бір-бір ақ үй жарық айдың қара су ішіндегі суретіндей жарқырай түседі (М.Әуезов). Тек жетіскен үйлерден шыққан қолы бос, еріккен қыз-келіншек екі-үштен қосылып қалжыңдасып, күлісіп-сыңқылдасып, су жаққа барып, біресе топтанып ойнап, дөң асып кетіп жатыр (М. Әуезов).


2-жаттығу. Төмендегі мақал-мәтелдерден сан есімдердің қолданысына, стильдік-мағыналық реңктеріне назар аударып, қандай мақсатта жұмсалып тұрғандығын анықтаңыз.

Жүзден біреу – шешен; мыңнан біреу – көсем. 2.Ер көрмейін деген жерін үш рет көреді; ат баспайын деген жерін үш рет басады. 3.Жігіттің бір басы екеу болмай, жиғаны жетеу болмайды. 4.Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі. 5.Елу жылда – ел жаңа; жүз жылда қазан. 6.Біреу бейнетін көреді, біреу зейнетін көреді. 7.Тоқсанымыз жиылып тоқты жыққан батырмыз; сексеніміз жиылып серке жыққан батырмыз. 8.Отызыңда орда бұзбасаң, қырқыңда қыр аса алмассың. 9.Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет