Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы Қазіргі қазақ тілі морфологиясы



бет28/44
Дата10.03.2022
өлшемі88,61 Kb.
#27397
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   44
Байланысты:
практикалық сабақ морфология

4. Бақылау сұрақтары:

1. Жетекші етістік пен көмекші етістіктің арақатынасы

2. Көмекші етістіктер және аналитикалық форма

3. Толымды және толымсыз етістіктер

4. Аналитикалық форманттар және олардың мағыналары

5. Көмекші етістіктердің қызметі



5. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

Жаттығу жұмыстары.

1-жаттығу. Күрделі етістіктерді анықтаңыз.

Бес-алты адым аттады ма жоқ па әлде шөптің әлде шүберектің сыбдырындай судыр еткен бір дыбысты құлағы шалып қалды. (Ж.А.) Әйтсе де осы молданы өз ауылы сыйлайтын қыстауға қонса бата оқыр болса мал өлсе құрмалдық берсе бас пен жамбас молданың алдына тартылатын. (Ж.А.) Ет пен қымыздың желігі ме әлде жайраң қаққан көңілдің көтеріңкілігі ме «Затондағыларға ойын қойып берейік» деген ұсыныс айтылып қалды. (Т.К.) Мұның Стамбулда оқығаны өтірік деп те лақап таратты бірақ ешқайсысы білім таластыруға дәті бармай жолбарыстың алдындағы мысықтай «ишанбысыз саумысыз» деп жылмаңдай береді. (Т.К.) Төлеген қазақшалығы ұстады ма немесе бір күніме керегі болар деді ме жастардың қатарында бұл екеуін қонаққа шақырған еді. (Ж.А.)


2-жаттығу. Негiзгi етiстiк пен көмекшi етiстiктерді тауып, талдау жасаңыз.

Күн батар алдында да балықшы жігіт сыртқа әлденеше рет шығып, жар басынан теңіз жаққа көз салған-ды. (Ә.Н.) Балықтың келуі мен кетуі жайында да ұзақ-ұзақ ойлап, әрқашанда уақыттың қалай өткенін білмей қалатын. (Ә.Н.) Әлдеқандай алып күш шала жанған қамысты сыртқа қарай суыра тартып, пеш көмейі желдеп гүрілдей жөнелді. (Ә.Н.) Бірнеше түйір нанды аузына тықпалап еді, ат ақырын шайнамалай бастады. (Ш.А.) Адамдар арқасына бірдеңені лақтырып салып, кеудесін қыса әлдебір қайысты жұлқа тартқан кезде жорға тіпті ары-бері теңселіп те кетті. (Ш.А.) Тырп ете алмай құрсауда тұрған жорғаны әлдекім іздеп жүргендей көрінді. (Ш.А.) Бірталай қалың көштерді арттарына салып ап, тура Қарашоқының тоғайлы өзеніне кіріп, соны өрлеп келеді. (М.Ә.)


3-жаттығу. Негізгі және көмекшi етiстiктiң түрлерi мен олардың мағыналарына талдау жасаңыз.

Былайғы күндері тап осы сәттері Ыстықкөлде ақ кеме көрінетін. (Ш.А.) Абай Құлабестінің басын Көлқайнар жаққа бұра бере қамшы басты. (М.Ә.) Шыңғыстың қара желі өзге уақыттың бәрінде жақсы болғанмен дәл күздігүні жайсыз-ақ. (М.Ә.) Көпшілік осы қарбаласта болса, Құнанбайдың Қарашоқыдағы ауылы, ас берген ауылдай, өз әлегімен өзі ұйқы-тұйқы боп жатыр. (М.Ә.) Абай өз әкесінің өзге атқамінер атаулыдан мықты, қайратты екенін сезеді. (М.Ә.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет