6. Үй тапсырмасы: Мәтін құрамындағы сөздерді құрамына қарай талдау.
7.Сабақтың тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:
Жұмағұлова О. Көсемшенің қызметтері туралы. Жинақ. Алматы, 1998, 23-25 б.
Қазақ тілінің грамматикасы. 1. Морфология. А.,1967. 1-7 б.
А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А.,1974. 5-12 б.
К.Аханов. Тіл білімінің негіздері. А., 1993. 85-91 б.
С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А.,1998. 4-11 б.
13– практикалық сабақ
Тақырыбы: Рай және шақ категориялары
Қаралатын мәселелер:
Рай түрлері.
Шақ категориясы, оған тән белгілер.
3. Шақ түрлері: осы шақ, келер шақ, өткен шақ.
3. Қысқаша мәлімет:
Белгілі қимыл, іс-әрекеттіңбелгілі субъеюі тарапынан іске асу-аспауы, қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмауына сөйлеушінің көзқарасы, пікірі, бағасы, анықтығы, ақиқаттығы, күдіктілігі, күмәнділігі, болжамдылығы, жорамалдылығы, орындалу ниеттілігі, шарттылығы т.б. тілек, қалау, бұйрьщ мәндері т.б. қатар көрініп отырады. Рай категориясы етістіктің модальдылық мәнінің бірден-бір грамматикалық категориялық көрсеткіші бола тұрса да, етістіктің барша модальдылық мәнін толық қамти алмайды. Оның үстіне сөйлем модальдығы тағы бар. Ол да рай категориясымен байланысты болғанымен, етістіктің рай категориясының шеңберіне сыя бермейді.
Негізінен алғанда, рай категориясыныңашықрай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай сияқты төрт түрі көрсетіліп жүр.
Ашық рай -қимыл, іс-әрекет үш шақтың (осы шақ, келер шақ, өткен шақ) бірін білдіретін рай түрі. Демек, ашық райдың басты семантикалық ерекшелігі - қимыл іс-әрекеттің объективті шындыққа қатысты болу-болмауының сөйлеп тұрған сәтпен (шақпен) байланысты өтіп кеткенін, өтіп жатқанын, әлі өтпегенін, бірақөтетін сипатын білдіру, сөйтіп, ашықрай, бір жағынан, етіетіктің рай категориясыныңбір түрі болса, екінші жағынан, бір өзі етістіктің шақ категориясын құрайды. Осыған байланысты райдыңбасқа түрлерінен айырмашылығы тікелей ашық рай жасайтын арнайы қосымшалары жоқ болып келеді. Демек, шақ категориясы дегеніміз, екінші жағынан, ашық рай категориясы мен оныңтүрлері шеңберінде қарастырылады.
Бұйрық рай сөйлеушінің тыңдаушыға немесе тыңдаушы арқылы бөгде біреуге (3-жаққа) қаратылып, буйрықсұрай айтылатын, езіне (1-жаққа) байланысты қимылға, іс-әрекетке қозғау салу, ниет мәнін білдіріп, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы берілетін рай түрі болып табылады. Бұйрық райдың басты мәні - бұйрықтық мағына. Бұйрықтық мағына негізінен алғанда 2-жаққа байланысты болып отырады.
Шартты рай қимыл, іс-әрекеттіңболу-болмау, орындалу мүмкіндігін, шартын білдіріп, етістік түбіріне, лексика-грамматикалық категориялар тұлғаларына -са, -се қосымшасы жалғану арқылы жасалады. Шартты райлы етістік ықшамдалған тұлғада жедел өткен шақ тұлғасы сияқты жіктеледі, сөйлемде негізінен алғанда тиянақсыз түлға болып қолданылады, сондықган көбіне-көп шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауышы қызметінде жұмсалады.
Қалау рай – сөйлеушінің қимыл, іс-әрекетті орындауға я орындамауға қалау, тілек, ниет, ынтасын білдіріп, белгілі жолдармен жасалатын рай категориясының бір түрі. Қалау рай бірнеше жолмен жасалады. Негізгі етістіктерге -ғы, -гі, -қы, -кі қосымшалары жалғанып, тәуелденіп барып тәуелдік жалғауы арқылы жіктеліп, яғни жақгық, жекешелік-көгпгік мән үстеліп, оған кел, келді, келеді кемекші етістігі тіркесіп жасалады.
Шақтық мағынаны білдіретін етістік көбінесе жіктеліп келеді де, сол арқылы жақтық мағына беріпеді. Жіктік жалғау шақ көрсеткіштерінен (есімше, көсемше, және арнайы шақ жұрнақтарына) кейін жалғанады.
Қазірп қазақ тілінде шақкатегориясы морфологиялық белгісіне, шақтық мағынасына қарай өткен шақ, осы шак, келөр шак болып үшке бөлінеді.
Өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеу кезінен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіретін етістіктің грамматикалық формасы.
Қазіргі қазақ тіліндегі өткен шақ грамматикалық формасы мен мағыналықерекшеліктеріне қарай жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ болып үшке бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |