1. Көңіл-күй одағайлары. Сөйлеуде сөйлеуші адам хабарды тек хабарлап қана қоймайды, хабармен бірге өз ойына өң бере сөйлейді. Хабар беруде сөйлеушінің қуанта, таңдандыра, күлдіре, ызаландыра, өтіне, кекесіндей, сұрай, бұйыра, айтқан ойы көңіл-күй одағайлары арқылы беріледі. Мысалы: -Па, шіркін! өмір болсаң, бол осындай! -Мырқымбай! Мырқымбай! Бай-бай-бай!.. жүрмісің жай (Б.М.) - деген сөйлемдерде ойына тән сезім «па, шіркін және бай-бай-бай» көңіл-күй одағайлары арқылы берілген.
Көңіл-күй одағайлары сан жағынан аса көп болмағанымен, семантикалық құбылуы жағынан әр қилы. Адамның ішкі сезіміне қатысты айтылатын одағай сөздердің мағынасының әр түрлілігіне қарай көңіл-күй одағайлары үш түрге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |