Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы Қазіргі қазақ тілі морфологиясы



бет40/44
Дата10.03.2022
өлшемі88,61 Kb.
#27397
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
практикалық сабақ морфология

15– практикалық сабақ
Тақырыбы: Шылау және одағай сөздер.

Қаралатын мәселелер:

1. Шылау сөздердiң әуелгi дербестiгiнен айрылған көмекшi сөздер ретiнде қызмет атқаруы, шылау сөздерiнiң атауыш сөздермен тiркесу қабiлетi мен дәнекерлiк қызметi.

2. Одағайдың мағынасына қарай түрлерi

3. Модаль сөздер олардың мағынасы мен қызметiне қарай түрлерi, модаль сөздiң сөйлем мүшесi бола алатыны және қыстырма сөз ретiнде қолданылуы


3. Қысқаша мәлімет:

Толық лексикалық мағынасы жоқ, тек сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын, белгілі бір сөздердің жетегінде қолданылып, түрлі грамматикалық мағына үстейтін көмекші сөздер шылаулар деп аталады. Мысалы, Мың ақын жырласа тіл жетпейтін, Бұл қыздар жаралған тек сүю үшін (Ж.Баязитов). Профессор Александров, тәсілінде, қазақ операларына би қоюға шақыртылған-ды, бірақ Жүргеновтың арнайы табыстауымен маған хореографияның жүйе-жүйесін, техникасын үйретіп, би білімімді ұштауды қолға алды (Ш.Жиенқұлова). Қасыңа бара алмадым, Сездің бе жан арманым, Еріксіз, қалқам, саған ән арнадым (Т.Рахымов). Берілген сөйлемдердегі үшін, бірақ, бе - шылау сөздер. Бұл сөздер өздері тіркескен сөзге, салаласа, сабақтаса байланысатын сөйлемдерге әр түрлі мағыналық реңқ жамайды.

Шылаулардың өздеріне тән мынадай белгілері бар:

Біріншіден, шылаулар абстрактылы грамматикалық мағына білдіреді, олардың толық лексикалық мағынасы болмайды.

Екіншіден, шылаулар грамматикалық қызмет атқарады. Олар тең дәрежедегі сөз бен сезді, сөйлем мен сөйлемді салаластыра және сабақтастыра байланыстырады.

Үшіншіден, шылаулар сөйлемде жеке сөйлем мүшесі бола алмайды.

Төртіншіден, шылаулар өзіне жалғау, жұрнақ жалғамайды, түрленбейді.

Шылаулардың білдіретін грамматикалық мағынасы мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай үш топқа бөлінеді. Олар: жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер.

Одағайлардың адамның көңіл-күйі, сезімімен байланысты эмоциональдық мағынада жұмсалатын заттық ұғымдар мен түсініктердің аттары емес, адамның ішкі дүниесі арқылы берілетін ишараттарды білдіруі және өзі жарыса қатысқан сөздермен грамматикалық байланысқа түспеуі, белгілі бір сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмауы, басқа атауыш сөздер сияқты түрленетін грамматикалық формасының жоқтығы оны сөйлемде басқа сөздерден оқшауландырып ерекшелендіріп тұрады, сондықтан ол оқшау сөздерге жатады және басқа сөздерге қарағанда интонацияға бай келеді.

Одағайлар білдіретін мағыналарының әр түрлілігіне қарай үш топқа бөлінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет