«Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту тілі қазақ тілі емес мектептерде)» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар 8-сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет1/4
Дата14.09.2023
өлшемі31,19 Kb.
#107575
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
3-ktzh aza-tl-men-debiet 8-synyp (1)


Үлгі

«Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту тілі қазақ тілі емес мектептерде)» пәні бойынша
күнтізбелік-тақырыптық жоспар
8-сынып

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқу бағдарламасы негізінде әзірленді. Мұғалім тоқсан бойынша белгіленген сағат сандарын тарауларға жіктей алады және оқу мақсатына кететін уақытты (сағатты) өзі белгілей алады. Мұғалім белгілі бір тарауда ұсынылған оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін олардың ретін ауыстыра алады, тарау барысында бірнеше рет қайталап ұсына алады және оқушылардың қажеттілігіне сай қосымша оқу мақсаттарын таңдай алады. Бір сабақта кемінде 1-2 оқу мақсатын қамтыған дұрыс.


Мұғалім оқу бағдарламасында көрсетілген тарау атауларына сәйкес сабақтың лексикалық тақырыбын оқулықтан немесе өзі таңдап құрастырады және таңдаған тақырыпқа байланысты сағат санын өзі белгілей алады.
Жылдық жүктеме 170 сағат, аптасына 5 сағат.



Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері

Көркем шығармалар

Оқу мақсаттары

Тыңдалым

Айтылым

Оқылым

Жазылым

Тілдік бағдар

І тоқсан
(40 сағат)


1-бөлім:
Білім. Ғылым. Инновация.


(лексикалық тақырыптар
оқулықтардан алынады)



Т. Сұлтанбеков
«Ғажайып планета» әңгімесі (үзінді)



8.1.1.1 - мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжау;
8.1.5.1 - тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау

8.2.1.1 - тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрау;
8.2.4.1 - идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісіне бақылау жасай отырып, мазмұнның дамуын салыстыру және талдау.

8.3.2.1 - публицистикалық стильдің (интервью) тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын анықтау;
8.3.4.1 - мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау

8.4.1.1- мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, интервью жазу;
8.4.3.1 -жазба жұмыстарында символ мен кейіптеу түрлерін қолданып жазу

8.5.1.1 - болжалдық сан есімдердіжазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану

2-бөлім:
Сауда жасай білесің бе?


(лексикалық тақырыптар
оқулықтардан алынады)



Абай Құнанбаев «Базарға қарап тұрсам әркім барар»



8.1.4.1 - орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау;
8.1.6.1 – тыңдалымматериалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру

8.2.2.1 - түрлі жанрдағы көркем мәтіндерге сүйене отырып,көңіл-күйді білдіруде ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу;
8.2.6.1 - кесте, диаграмма, нұсқаулық шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпаратты талдау, баға беру

8.3.3.1 - прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру;
8.3.6.1 - тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға беру

8.4.2.1 -эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну;
8.4.4.1- тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, эссе жазуда тиімді қолдану

8.5.1.1-бөлшектік сан есімдердіжазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану

3-бөлім:
Жаһандық энергетикалық дағдарыс (лексикалық тақырыптар
оқулықтардан алынады)



Ш.Айтматов «Кассандра таңбасы».

8.1.2.1 - тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, детальді ақпараттарды анықтау;
8.1.3.1 - оқу - еңбек тақырыптарына байланысты күрделі сөздердің мағынасын түсіну

8.2.5.1 - пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру;
8.2.6.1 - кесте, диаграмма, нұсқаулық шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпаратты талдау, баға беру

8.3.2.1 - публицистикалық стильдің (мақала) тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын анықтау;
8.3.5.1 - қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді қолдана отырып, мәтінге өзгеріс енгізу, ерекшеліктерді бақылау

8.4.1.1 - мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шағын мақалажазу;
8.4.5.1 - тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздер)

8.5.1.2 - еліктеу сөздерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет