Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 10–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары I нұсқа Оқу мақсаты


Бес балдықты 30-балдыққа ауыстыру шкаласы



бет7/9
Дата24.09.2024
өлшемі43,44 Kb.
#145416
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
емтихан материалы 10-сынып ЖМБ

Бес балдықты 30-балдыққа ауыстыру шкаласы
(оқыту қазақ тілінде)

р/с

Сөйлесім әрекеті

Балл қою нормативі, ең жоғары балл

5-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы

30-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы

1

Оқылым

1-тапсырма - 0,5 балл;
2-тапсырма - 0,5 балл

1

6

2

Жазылым

- құрылымын сақтауы – 0,5 балл;
- мазмұны - 2 балл;
- лексика-грамматикалық норманы сақтауы – 0,5 балл

3

18

3

Әдеби тіл нормалары

1 балл

1

6










5

30



Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 10–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары
IV нұсқа
Оқу мақсаты: 10.2.4.1- әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
10.3.5.1-әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, эссе) ұсына білу;


Бағалау критерийі
Берілген мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды;
, әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсынады
Оқылым.
Мәтінді мұқият оқыңыз. Төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз. (1 балл)
Ұлттық мәдениет және қазіргі архитектура
Қазіргі қазақстандық архитектураның да ерекшелігі сол – заманауи сәулет ғимараттарына ұлттық нышан мен нақыштың келбетін беруге назар аударуы. Алайда бұл ерекшелік құрылыс пен архитектурада басқа да басым бағыттар жоқ дегенді білдірмейді. Қазір негізгі басымдық архитектура ісіне инновациялық шешімдердің, жаңа технологиялардың көптеп енуіне беріліп отыр.
Есімдері әлемге танымал архитекторлар Қазақстанның жаңа астанасына келіп, заманауи келбетке сай ұлттық нақыштарды сәулет өндірісіне енгізіп, ғаламдық жаңалықтарға қол жеткізді.
Мәселен, елордада Хан-Шатыр кешенін салған Норман Фостер құрылыс бастамас бұрын көшпенділердің тарихын зерттеп, тарих жылнамаларында хан ордаларында шатырлардың сән-салтанат құрып, асқақтап тұратынын дәл тапқан. Содан киіз үй бейнесін кешеннің бейнелік шешімі ретінде алды.
Сондай-ақ, елордадағы Бейбітшілік пен келісім сарайының (Пирамида) құрылысын жобалау кезінде енгізген жаңалығының арқасында Норманның есімі архитектура тарихына жазылды. Бұл – ғимараттың тарих пен мәдени құбылыс болудан өзге, Арқа төсіндегі астананың ауа-райы мен климаттық жағдайына ыңғайланып жасалған техникалық шешімнің көрінісі. Арқа беліндегі қатты жел ғимараттың құрылысына да зиянын тигізе алмайды, сондай-ақ арқаның құбылмалы темпетурасына да төтеп бере алады.
Ал Самұрық құс жұмыртқа басар ұя мифтік желісінен бой көтерген Бәйтерек монументалды бейнесі бүкіл Қазақстанның символына айналды.
Елордада ғимараттар ғана емес, көше мен қаланың құрылыс салу жобасы да ұлттық мәдениет белгілерімен байланыстырылып құралды. Мәселен, Президенттік мәдениет орталығы түркі мәдениетінде жүздеген жылдар бойы келе жатқан "төртқұлақ" принципімен жобаланған. Ең ұзын жолдың бойында, қос көшенің қиылысында орналасқан бұл ғимарат құрылысына төрт құлақ пішініндегі ұлттық мәтін енгізілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет