- құрылымын сақтауы – 0,5 балл;
- мазмұны - 2 балл;
- лексика-грамматикалық норманы сақтауы – 0,5 балл
3
18
3
Әдеби тіл нормалары
1 балл
1
6
5
30
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 10–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары II нұсқа
Оқу мақсаты: 10.2.4.1- әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
10.3.5.1-әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік,эссе ұсына білу;
Бағалау критерийі Берілген мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды;
, әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсынады
Оқылым. Мәтінді мұқият оқыңыз. Төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз. (1 балл)
Тарихи дамудың қандай сатысында болмасын, адамзат қоғамында, адамдар өмір сүру үшін қажет тамақ, киім, тұрғын үй және басқа материалдық игіліктер болуы керек. Адамдардың өмір сүруіне қажет заттар өндірілуге тиісті. Бұлар өндіріс процесінде жасалады.
Өндіріс — бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатпен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Бұл процестің дамуы ұзақ мерзімді қамтиды — жабайы өнімдер өндіруден өте күрделі техникалық жүйелер, өзгерістерге икемді кешендер, есептеу машиналар өндірістеріне дайын. Өндіріс процесінде игіліктер мен қызметтер жасау тәсілдері және түрлері өзгеріп қоймайды, осымен бірге адамның өзінің өнегелілігі дамып жетіле түседі. Өндіріс процесінде экономикалық өсудің бастапқы негізі қалыптасады. Бұл жалпы ұлттық масштабтағы дамуда басты экономикалық көрсеткіштердің біреуіне айналады. Сонымен қоғамның қандайында болмасын өндіріс түбіңде қажеттіктерді қанағаттандыру үшін қызмет етеді.
Қажеттіктер - бұл жеке адамның, әлеуметтік топтардың немесе тұтас қоғамның тіршілік іс-әрекеттерін қолдап орындау үшін керектер болып табылады. Бастапқыда, алғашқы қауымдық қоғамда, адамдардың тіршілік әрекеттерінің барлығы материалдық өндірісті дамытуға жұмсалған, өйткені материалдық иіліктердің өте төмен деңгейінде қамтамасыз ету мүмкін болмаған. Адамзат қоғамының және өндірістің келесі сатыларында интеллектуалдық қажеттіктер пайда болады, тұтыну көлемі өсіп оның құрылымы күрделене түседі, адамдардың тұрмыс деңгейі жогарылайды. Жетілген жоғары дамыған индустриалдық өндіріс жағдайында, адамзат қалыптасқан қажеттіктерінің: материалдық, рухани және әлеуметтік, барлық түрлерінің елеулі дәрежесі қанағаттандыруға мүмкіндік алады. Адамдардың тұрмыс деңгейінің жақсаруы тамақ өнімдеріне және аяқ киім мен тұрғын үйге материалдық қажеттіктердің еңбек шарттарына және басқа өмір үшін керек игіліктерге қажеттіктердің қанағаттандыруы арқылы байқалады. Осымен қатар өзін-өзі дамытуға бағытталған рухани қажеттіктердің қанағаттандырылу деңгейі, адамның мәдени даму дәрежесінің өсуін сипаттайды.