Бес балдықты 30-балдыққа ауыстыру шкаласы
(оқыту қазақ тілінде)
р/с
|
Сөйлесім әрекеті
|
Балл қою нормативі, ең жоғары балл
|
5-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы
|
30-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы
|
1
|
Оқылым
|
1-тапсырма - 0,5 балл;
2-тапсырма - 0,5 балл
|
1
|
6
|
2
|
Жазылым
|
- құрылымын сақтауы – 0,5 балл;
- мазмұны - 2 балл;
- лексика-грамматикалық норманы сақтауы – 0,5 балл
|
3
|
18
|
3
|
Әдеби тіл нормалары
|
1 балл
|
1
|
6
|
|
|
|
5
|
30
|
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 10–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары
III нұсқа
Оқу мақсаты: 10.2.4.1- әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
10.3.5.1-әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу;
Бағалау критерийі
Берілген мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды;
, әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсынады
Оқылым.
Мәтінді мұқият оқыңыз. Төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз. (1 балл)
Жаһандану дегеніміз — бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Ол — біздің көз алдымызда өте тез қарқынмен жүріп жатқан үрдіс. Мысалы, бүгінгі Қазақстан қоғамы басқа елдермен экономикалық сауда-саттық қарым-қатынасқа түсіп, дамып келеді. Алысқа бармай-ақ, өзіңіз бен өз үйіңізге қараңызшы. Үстіңізде Еуропа елдерінің бірінде тігілген костюм, аяғыңызда Турциядан әкелген туфли, астыңызда Германия, немесе Америкадан шыққан жеңіл мәшине, үйіңізде Ресейдің тоңазытқышы, Оңтүстік Кореядан шыққан шаңсорғыш, Жапонияда шығарылған магнитофон, арабтардың тоқыған кілемі, ас дайындайтын бөлмеңізде Үндістан елінен келген шай, Мароккодан келген апельсин, Ираннан әкелінген финиктер, АҚШ-тан келген тауықтың аяқтары, Қытайдан әкелінген ыдыс-аяқ т.с.с. Мұндай мысалдарды шексіз келтіре беруге болады
Жаһандану (глоболизация) — дүние жүзіндегі барлық елдерде экономика, өмір салты (киім, өнер, тамақтану, т.б.), мәдениет пен ақпарат құралдарының ортақ бола бастауы. Мысалы, біз европаша киінеміз, корейдің фунчозасынсыз той өткізбейміз, жапонның сушиын жейміз, батыс әндерін тыңдап, киноларын көреміз, Махаббат күнін тойлаймыз, Фейсбукқа тіркелеміз және сол сияқты. Бұлар барлық елдерге ортақ үрдіс бола бастады.
Қоршаған орта, түпкі ресурстар (энергия, су, азық-түлік), демография, көші-қон толқындары, есірткі тасымалы, халықаралық терроршылдық проблемалары жекелеген елдер күшімен шешілуі мүмкін емес. Ақпараттық төңкеріс бұл проблемалардың жаҺандық өлшемге ие болуына ықпал етті. Зерттеушілер Жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді. ЖаҺандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаһандануға алып келмей қоймайды.
Достарыңызбен бөлісу: |