«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 5 – сыныпқа арналған 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
І. Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Мәтіннің негізгі кейіпкерлерін ата
Тиін қайда құлайды?
Қасқыр тиінге қандай сұрақ қояды?
Қасқыр қандай?
Тиін қандай? 10 балл
ІІ. Оқылым Ертеде жылқы Күнге қарап:
- О, қайырымды, Күн! Мені жануарлардың арасындағы ең сұлуы дейді. Оны өзім де білемін. Сонда да кейбір дене мүшелерімді бұдан да әдемі етсем деп ойлаймын, - депті.
- Сонда қай жеріңді түзеткің келеді? - деп сұрайды Күн күлімсіреп.
- Егер аяқтарым бұдан да ұзындау болса, мен тіптен жүйрік болар едім. Мойным аққудың мойнындай ұзын болса, маған ол бұдан да әсем көрік берер еді. Адамды арқалап жүру үшін арқамнан мәңгі алынбайтын ер-тоқымым болса, жақсы болар еді.
- Күте тұр, - дейді Күн күліп.
Жылқыға Күн түйені алып келеді.
- Міне, сен ұнатқандай ұзын аяқ, ұзын мойын, ері де дайын. Қалай, сенің де осындай болғың келе ме? - деп сұрайды Күн.
Жылқы көріксіз жануарды көргенде қалшылдап қоя береді.
- Жо-жоқ! - дейді қорыққанынан.
- Саған өз бойыңдағы сұлулығың да жетеді! Әркім өз қасиетін бағалауы тиіс,- дейді Күн жылқыға. Содан бері жылқы әлі күнге дейін түйені көрген сайын қорыққанынан дірілдей бастайды екен.
1. Мәтін мазмұнына сай ат қойыңыз 1 балл
2. Берілген сөздің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз.
Баяғыда - 1 балл
3. Мәтіннен төрт түлік малдың атауын теріп жаз 1 балл
3. Берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап жазыңыз.
1. Жылқы нені армандайды? 1 балл
2. Жылқы түйені көргенде неге қорықты? 1 балл