«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен (оқыту қазақ тілінде емес) жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар



Pdf көрінісі
бет8/24
Дата12.04.2023
өлшемі0,76 Mb.
#81878
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
Байланысты:
10SYNYPBJB 1178 AZA 1178 1240 DEBIETI MEN 1178 AZA 1178 TILI 1178 GB 10 SYNYP VK-10SYNYPBJB

Бағалау критерийі 
Білім алушы 

Тыңдалған мәтіндегі негізгі ақпараттарды түртіп 
жазып, мәтін мазмұнын түсіндіреді 

Сөз әдебі мен сөйлеу этикетін орынды қолданып
ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндер 
негізінде монолог құрады 
Ойлау 
дағдыларының 
деңгейі 
Жоғары деңгей дағдылары 
Орындау уақыты 
25 минут 
 
Тапсырма 
1. Мәтінді тыңдап, негізгі ақпараттарды қысқаша жазып алыңыз. Жазғаныңызға сүйеніп 
мазмұнын түсіндіріңіз. 
 
Арал теңізі – кезінде құрлықтың ішінде орналасқан бүкіл дүниежүзіндегі төртінші ең 
ірі су қоймасы болатын. 1960 жылдары Кеңес Одағының орталық басшылығы мақта 
егістіктерін суару үшін Аралға құятын ең басты 2 өзен – Сырдария мен Амударияның суын 
бұрып жіберді. Соның нәтижесінде Өзбекстан әлемдегі ең ірі мақта өндірушінің біріне 
айналды. Алайда ауыл-шаруашылығының мұндай жетістігі тым қымбатқа түсті – Арал теңізі 
тартыла бастады, жергілікті балық шаруашылығы түгел құрдымға кетті, Арал өңірінің ауа 
райы күрт өзгере бастады. Ауаға химиялық заттар мен теңіз түбіндегі кепкен тұздың шаңы 
жайылды, теңіздің тоқтамай тартылуы салдарынан жергілікті халық ауыр халге түсті. 
Жергілікті халықтың арасында ісік ауруы, қанның аздығы, аллергия және т.б. дерттер кең 
жайылып, өмірдің орташа ұзақтығы 64-тен 51-ге дейін құлдырады. Арал теңізінің тартылуы 
– ХХ ғасырдағы адамның қолымен жасалған теңдессіз апат болып қалды. Аралдың суы 
бұрын-соңды болмаған деңгейіне дейін тартылып, теңіз “Солтүстік Арал” және “Оңтүстік 
Арал” болып екіге бөлінді. 
 
 
2. Сізге мектеп оқушыларының алдында ««Мұхиттардың ластануы – адамзат үшін қауіпті» 
деген тақырыпта ауызша баяндама жасау тапсырылды. Ауызша баяндама жасауда мәтін 
ақпаратын қолданыңыз, сөз әдебі мен сөйлеу этикетін сақтаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет