6
5
Бағалар сипаттамасы
Бағалар сипаттамасы оқушылардың мүмкіндік деңгейін
анықтайтын белгілі бір
стандарт жөніндегі жалпы түсінігін қалыптастыру үшін беріледі. Тәжірибеде ұсынылған баға
білім алушылар жұмысының бағалау міндеттеріне қаншалықты сәйкес келетіндігіне
байланысты.
Баға
Сипаттама
5
Білім алушылар өздерінің жетік деңгейдегі қабілеттерін көрсетеді:
• түрлі дереккөздерден алынған мәтіндердің
жалпы мазмұны мен
контекстегі жекелеген сөздер немесе сөз тіркестерінің мағынасын толық
түсінеді;
• мәтіннің негізгі ойына қатысты
қажетті ақпаратты пайдаланып, жеке
көзқарасын нақты, айқын білдіреді;
• нақты тақырыпқа сай лексикалық және тілдік құрылымдарды кеңінен
қолданып, тілді меңгергенін нақты, орынды көрсетеді.
4
Білім алушылар жеткілікті деңгейдегі қабілеттерін көрсетеді:
• түрлі дереккөздерден алынған мәтіндердің жалпы мазмұнын түсінеді,
бірақ контекстегі кейбір жекелеген сөздер
немесе сөз тіркестерінің
мағынасын шатастырады;
• мәтіннің негізгі ойына, ақпараттарға қатысты жеке
көзқарасын білдіруде
сенімсіздік танытады;
• нақты тақырыпқа сай лексикалық және тілдік құрылымдарды қолданып,
тілді қолдануда аздаған қателер жібереді.
3
Білім алушылар қанағаттанарлық деңгейдегі қабілеттерін көрсетеді:
• түрлі дереккөздерден алынған мәтіндердің кейбір бөліктерін түсінеді,
бірақ контекстегі көптеген жекелеген сөздер немесе сөз тіркестерінің
мағынасын анықтауда қиналады;
• мәтіннің негізгі ойына қатысты
ақпаратты ажырата алмайды, орынсыз
қолданады;
•
сөздік қоры шектеулі, лексикалық және тілдік құрылымдарды қолдануда
ұсақ және ірі қателері жиі кездеседі.
2
Білім алушы базалық білімін қанағаттанарлықсыз деңгейде көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: