Барлығы
30
Жалпы балл қою кестесі
Балл
Тілдік құзырлық
5
Лексикалық сөздік қоры мол және тілдік құрылымдарды шебер қолданған.
Жауабы жүйелі және нақты. Грамматикалық құрылымдарды
дұрыс қолданады
(етістіктің түрлері, шақтары,
жалғаулар,
сөздердің орын тәртібі,
құрмалас
сөйлемдерді қолдану). Елеусіз қателер кездеседі.
4
Лексикалық сөздік қорды және тілдік құрылымдарды дұрыс қолданады. Жалпы
сауаттылығы жақсы. Грамматикалық және лексикалық
элементтерді жақсы
білетіні көрінеді. Грамматикалық құрылымдарды көбіне дұрыс қолданады
(етістіктің түрлері, шақтары, жалғаулар, сөздердің орын тәртібі, құрмалас
сөйлемдерді қолдану). Жіберілген грамматикалық қателіктер мазмұнды түсінуге
кедергі келтірмейді.
3
Сөздік қоры мен тілдік құрылымдарды білуі қанағаттанарлық. Жауаптары жуық.
Сауаттылық деңгейі жетіңкіремейді. Етістіктің түрлері, шақтары, жалғаулар,
сөздердің орын тәртібінде қателіктер кездеседі.
Оқушының тілдік қолданысы
ой жүйесіздігіне әкеледі.
2
Сөздік қоры мен тілдік құрылымдарды білуі шектеулі. Қарапайым тілдік
құрылымдарды қолданғанымен, әрдайым дұрыс болмайды. Етістіктің түрлері,
шақтары, жалғаулар, сөздердің орын тәртібі, жай сөйлемдерді қателіктер үнемі
кездеседі. Кей тұстарда оқушының тілдік қолданысы оның ойын түсінуге кедергі
келтіреді.