«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен



бет1/11
Дата08.06.2023
өлшемі79,43 Kb.
#99852
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Түсінік хат
«Бекітемін» «Келісемін» Әдістемелік бірлестік
Мектеп директоры Директордың оқу ісі отырысында қаралып,
_______А.Жарасова жөніндегі орынбасары бекітілуге ұсынылды.
« » ______ 2022 ж. ________Т.Әменова Хаттама № 1 « » 2022 ж.
Бірлестік жетекшісі
« » ______ 2022 ж. _______А.Ахметова

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен
КҮНТІЗБЕЛІК- ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
2022/2023 оқу жылы

Пән мұғалімі : Ахметова Әсем Сайпуллаевна
Мектеп: Қармақшы аудандық білім бөлімінің С.Есқараев атындағы «№27 орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сынып: 9


Түсінік хат

Тақырыптық – күнтізбелік жоспар ҚР Оқу- ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Негізгі және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген негізгі, орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары ( 2021 жылғы 26 наурыздағы №125 бұйрықпен енгізілген 19,22 қосымшалары өзгерістер мен толықтырулар;)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдег і №115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары 2020 жылғы 27 қарашадағы №496с бұйрығы өзгерістер мен толықтыруларымен
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі №441 бұйрығы
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 365 бұйрығы
«2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат негізінде әзірленді.
Қазақ тілі пәнін оқыту мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
 "Қазақ тілі" оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
- қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктеріне коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану;
- тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу;
- аудиовизуалды материалды тыңдау барысында өз көзқарастарын білдіру;
- мәтіндерге қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды, синтез, анализ жасау дағдыларын қалыптастыру.
Оқу мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады:
 - тыңдалым және айтылым;
 - оқылым;
- жазылым;
- әдеби тіл нормаларын сақтау.
"Тыңдалым және айтылым" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) болжау; 2) әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау;3) мәтіннен ақпаратты анықтау; 4) негізгі ойды анықтау;
5) тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау;6) сөйлеу мәдениетін дамыту.
"Оқылым" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) ақпаратты түсіну; 2) мәтіннің стильдік ерекшелігін тану;3) мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату; 4) мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу;
5) мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау;6) оқылым стратегияларын қолдану; 7) әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу.
"Жазылым" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) жоспар құру;2) әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру; 3) жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну;4) эссе жазу;5) оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу;6) мәтіндерді түзету және редакциялау.
9. "Әдеби тіл нормаларын сақтау бөлімі" келесі бөлімшелерден тұрады:
1) орфографиялық норма;2) орфоэпиялық норма;3) лексикалық норма;4) грамматикалық норма; 5) пунктуациялық норма.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет