«Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет14/53
Дата01.12.2022
өлшемі0,99 Mb.
#54193
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53
Байланысты:
ОШ ФО Казахский язык и литература 9 класс каз

Бағалау критерийі 
Білім алушы: 

Мәтіннің мақсатты аудиториясын, автордың негізгі 
ойы мен көзқарасын анықтайды 
Ойлау 
дағдыларының 
деңгейі 
Қолдану 
Тапсырма 
1. Мәтінді екі рет тыңдап, көзделген аудиториясын анықтаңыз. 
Қазақ әйелдері көйлектің сыртынан камзол киген. Олар көбіне жеңсіз болған. 
Камзолды барқыттан және басқа маталардан тіккен, оны ілгегі мен ілмегі бар күміс 
қапсырмамен қапсырған.
Әйелдердің ежелгі сырт киімі – ұзын жеңді шапан. 
Бас киімдер әйелдердің отбасы жағдайын білдіретін. Қыздардың бас киімі –
кестемен тігілген, төбесіне бір шоқ үкі тағылатын тақия. Үкілі тақия – қазақ қыздарының 
ерекше ұнатып киетін бас киімі. Қыздардың тақиясы қызыл, күлгін, жасыл т.б. түстермен, 
шұға, барқыт сияқты маталармен тігіледі. Түрлі-түсті моншақ-маржан, алтын, күміс 
теңгелер және асыл тастармен безендірілген.Үкінің қауырсынын әсемдік үшін тақияның 
төбесіне қадайды. Бұл қазақ көне діни ұғымға байланысты үкі құсын «қасиетті құс» деп 
санағанынан пайда болған.
Тұрмысқа шығатын кезде киетін сәукеле – орташа биіктігі 70 см шамасындағы 
конус тәріздес бас киім. Сәукелеге күміс пластиналар тігіледі. Сондай-ақ кестемен
маржанмен әшекейленеді.
Кимешек – тұрмыстағы әйелдің бірінші баланы босанғаннан кейін киетін бас киімі. 
Әйелдердің аяқ киімі ерлердікінен ерекшеленбеген. Қыздар мен жас келіншектер биік 
өкшелі етік кисе, кексе әйелдер аласа өкшелі киген, бірақ көбіне мәсі және оның 
сыртынан кебіс кигенді тәуір көрген. 
Қазақтың ұлттық киімдері – халқымыздың ақыл-ойы мен биік эстетикалық 
талғамының жемісі. Ал осы ұлттық құндылығымызды тек қазақтың жыл басы Наурыз 
мерекесі қарсаңында іздейтініміз жасырын емес. Қазіргі таңда жастардың көбісі батыс 
мәдениетінің үлгісінде киінуді жөн санайды. Қазақ екенімізді айқындайтын ұлттық 
құндылықтарымызды дәріптеу үшін жастарды мәжбүрлеу оң нәтиже бермейді. Мұның 
басқа жолын іздестірген абзал. Мысалы – қазақша киімді сәнге айналдыру. Еліктегіш 
жастардың бір-екеуі қазақша оюы бар киімдермен көзге түссе, бұл үрдіс сәнге айналып 
кетуі әбден мүмкін. Халқымыздың ұмыт бола бастаған ұлттық киімдерін заманауи үлгіде 
тігу, кеңсе киімдерін қазақы ою өрнекпен безендіру – бүгінгі таңдағы біздің негізгі 
мақсатымыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет