Байланысты: ОШ ФО Казахский язык и литература 9 класс каз
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Тақырып бойынша аргументтерді қолданып, диалог,
полилогке қатысады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма Мәтінмен танысыңыз. Көтерілген мәселеге қатысты 3 ашық сұрақ әзірлеңіз.
Сыныптасыңыздың сұрағына жауап беруде мәтін ақпараттарын аргумент ретінде
қолданыңыз.
Америкалық психолог А.Моридің зерттеуіне сүйенсек, теледидардың алдында ұзақ
отыру адамның ерік-жігерін әлсірете түседі. Көгілдір экранға ұзақ телміру көз жанары
арқылы миды «арбап тастайды» екен. Баланың отбасы мүшелеріне, қатарлас
құрбыларына деген назары төмендеуінің бір себебі осыған да байланысты көрінеді.
Экраннан тамашалаған уақиғаларды ол белгілі бір дәрежеде шынайы деп қабылдайды,
«геройлары» қуанса – қуанып, мұңайса – мұңайып жүреді. Зерттеулер нәтижесінде
анықталғанындай, күні бойы әке-шешесімен емес, теледидардағы ертегі кейіпкерлерімен
«сөйлесетін» бала олардың жалған екендігін біліп тұрса да, мойындағысы келмейді.
«Сиқырлы жәшіктің» арбауына түскен балалардың депрессияға ұшырауы, тұйықталуы –
осының нышаны.
Медиабілім ХХ ғасырдың 60 жылдарында Ұлыбритания, Франция, АҚШ,
Австралия, Канада және әлемнің тағы басқа да алдыңғы қатарлы елдерінде пайда болды.
Медиабілімнің басты мақсаты жас ұрпақты медиамәдениет әлеміне бейімделуге, БАҚ
тілін игеруге, медиамәтіндерді талдай білуге көмек көрсету болып табылады. Медиабілім
– бұқаралық коммуникация заңдылықтарын зерттейтін педагогиканың жаңа бір саласы.
Жоғарыда аталған елдердің бірқатарында медиабілім міндетті пән ретінде мектептерде
оқытылады. Мәселен, 1987 жылы Канаданың Онтарио провинциясының орта білім
беретін мектептеріндегі 7-12-сыныптарда «Медиабілім» пән ретінде оқытыла бастады. Ал
Австралияда «Медиабілім» ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап міндетті пән ретінде
енгізілді. Ресей мен Украинада да өткен ғасырдың 80 жылдарынан бастап медиабілім
бойынша сабақтар факультативтер, үйірмелер түрінде немесе оның элементтері
жекелеген пәндерді оқыту барысында (әдебиет, химия және т.б.) қолданылып келеді.
БАҚ-тың тәрбиелік ықпалына көбірек көңіл бөліп, керісінше, зиянды саналатын
бағдарламаларға тосқауыл қоюдың уақыты келді. Ондай мысалдарды дамыған елдердің
тәжірибесінен де кездестіруге болады. Мысалы, АҚШ, Ұлыбритания, Франция сияқты
мемлекеттерде балаларға қатысты бағдарламаларды сараптаудан өткізіп, олардың
дамуына кері әсерін тигізетін хабарларға қатаң түрде шектеу салынады. Сонымен қатар
жеткіншектерді тұлға ретінде дамыту мақсатында ақпараттық өнім жасаушылармен
тығыз байланыс орнату жағы да қарастырылған. Ондай қарым-қатынасты жүзеге асыру
мемлекеттік деңгейде жүргізіледі.