«Қазақ тілі мен әдебиеті»


деңгейі  Жоғары деңгей дағдылары



Pdf көрінісі
бет35/53
Дата01.12.2022
өлшемі0,99 Mb.
#54193
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   53
Байланысты:
ОШ ФО Казахский язык и литература 9 класс каз

деңгейі 
Жоғары деңгей дағдылары
 
Тапсырма 
Адамдарды клондау адамзаттың болашағы үшін қауіпті ме? Мәселенің артықшылығы 
мен кемшілігін салыстырып, эссе жазыңыз.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________ 
Дескриптор 
Білім алушы: 
- өз позициясын білдіреді; 
- пікіріне аргумент келтіреді; 
- мәселенің шешімін ұсынады; 
-.эссе құрылымын сақтайды. 


52 
«Болашақ энергия көздері» бөлімі 
Оқу мақсаты 
9.1.3.1. 
Әлеуметтік-қоғамдық 
тақырыптар 
аясында 
айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну 
Бағалау критерийлері 
Білім алушы: 

Сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсінеді 
Ойлау дағдыларының 
деңгейі 
Білу және түсіну
 
Тапсырма 
1. Мәтінді 2 рет тыңдап, мәтін мазмұны бойынша берілген сөйлемдерді сөздер және сөз 
тіркестері, терминдермен толықтырыңыз.
Жел энергиясы негізінен Күн энергиясының Жер бетін бірқалыпты қыздырмауынан 
туындайды. Сағат сайын Жер Күннен 1014 кВт сағат энергия алады. Күн энергиясының 
1-2% -ы жел энергиясына түрленеді. Бұл көрсеткіш жер бетіндегі барлық өсімдіктердің 
биоқалдыққа айналғанда бөлініп шығатын энергиясынан 50-100 есе асып түседі. 
Бірнеше мыңдаған жылдар бойы адамдар желді энергия көзі ретінде пайдаланған. 
Жел энергиясын пайдаланып, желкен көмегімен жүзген. Жер суландыру кезінде, жел 
диірмені ретінде дәнді-дақыл өнімдерін ұнтақтау үшін де жел энергиясы қолданылған. 
Жел энергиясының қоры бүкіл планета өзендерінің гидроэнергиясынан 100 есе асып 
түседі. Ылғи және барлық жерде жел соғып тұрады. Жаздың қоңыр салқын самал желін, 
апат, зардап, шығын әкелетін керемет дауылдарды атап өтуге болады. 
Қалпына келтіретін дәстүрлі емес жел энергиясының келешегі зор. Экологиялық 
таза, қоры еш уақытта сарқылмайды әрі арзан, тиімді. Бұларды пайдалану табиғат 
баланстарын бұзбайды. Жел энергиясын қолдану таулы аймақтардың жоғары бөктерінде, 
толқынды теңіз жағалауларында ыңғайлы екені бәрімізге белгілі. Жел энергетикасын 
дамытуға қолайлы аймақтар өте көптеп табылады. Жел күші жер бетінің ойлы-қырлы 
болуына тікелей байланысты. Мысалы, таулы аймақтың екі бөлігін қарастырайық. Күн 
көзінің екі бөлікке түскен энергиясы бірдей болғанымен, жердің кедір-бұдыры әрқилы 
болғандықтан, жел күшінің ықпалы, бағыты да әртүрлі болады. Жел күшінің ықпалы 
жыл мезгілінің ауысуына, ауа райының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Жел 
күшінен өндірілетін энергия мөлшері желдің тығыздығына, жел турбинасының 
қалақшаларының ауданына, жел жылдамдығының кубына тәуелді болады
Жерді ............................ бірдей температурада қыздырмағандықтан, жел энергиясы пайда 
болады.
Ғаламшардағы су қорларының ................................ жел энергиясының қоры бірнеше есе 
көп. 
Табиғаттағы тепе-теңдікті қоры шектеусіз ............................ бұзбайды. 
.............. климаттың, жыл маусымдарының өзгеруіне қатысты. 
2. Берілген сөйлемдерді перифраз тәсілімен өзгертіп қайта жазыңыз. 
1) Жел энергиясы негізінен Күн энергиясының Жер бетін бірқалыпты 
қыздырмауынан туындайды. 
Жер бетін... 
2) Бірнеше мыңдаған жылдар бойы адамдар желді энергия көзі ретінде 
пайдаланған. 
Желді... 


53 
 
3) Жел энергиясының қоры бүкіл планета өзендерінің гидроэнергиясынан 100 есе 
асып түседі. 
Бүкіл... 
4) Жел энергиясын қолдану таулы аймақтардың жоғары бөктерінде, толқынды 
теңіз жағалауларында ыңғайлы екені бәрімізге белгілі.
Бәрімізге... 
5) Жел күшінің ықпалы жыл мезгілінің ауысуына, ауа райының өзгеруіне 
байланысты өзгеріп отырады. 
Ауа райының... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет