«Қазақ тілі мен әдебиеті»


-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет3/53
Дата01.12.2022
өлшемі0,99 Mb.
#54193
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
ОШ ФО Казахский язык и литература 9 класс каз

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 
«Қазақ жазуының даму жолы» бөлімі 
Оқу мақсаты 
9.1.1.1 Тыңдалатын мәтіндегі фразалар мен дәйексөздерді 
талқылай отырып, тақырып пен көтерілетін мәселені 
болжау 
Бағалау критерийлері 
Білім алушы: 

Мәтіндегі фразалар мен дәйексөздер негізінде 
тақырып пен көтерілетін мәселені болжайды 
Ойлау 
дағдыларының 
деңгейі 
Қолдану
 
Тапсырма 
1. Берілген сөз тіркестерінің мағынасын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз. Жұпта талқылаңыз. 
Фразалар 
Мағынасы 
қазақ фонетикасының ерекшеліктері 
«төте жазуды» пайдалану 
латын графикасына негізделген 
қазақ тілінің әліпбиін өзгерту 
 
2. Мәтіннің тақырыбы мен көтерілетін мәселені болжап көріңіз. 
 
Мәтін тақырыбы 
Мәтіндегі көтерілген мәселе 
 
 
 
 
3. Мәтінді тыңдаңыз. 
1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. Алайда оның өзіндік 
қиындықтары болды, себебі онда қазақ тілінің ерекшеліктері ескерілмеген. ХХ ғасырдың 
басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері 
сақталып жасалған, араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған. Дегенмен 
ол да мәселе туғызды, себебі араб әріптері сөз басында, ортасында және соңында әртүрлі 
таңбаланады. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу 
жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирилл графикасы әліпбиін қолданып келеді. 
Кирилл жазуы Қазақстанның бүкіл жерінде және Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында
көршілес Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан елдерін мекендеген қазақ 
жұрты пайдаланады. Сондай-ақ Түркия, Германия, АҚШ, т.б. батыс елдерінде қазақ 
диаспорасы қалыпты емес әртүрлі латын жазуын пайдаланады. Осылайша, қазақ тілінің 
әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді. Латынға 
Түркия 1928 жылы көшсе, Өзбекстан, Әзірбайжан КСРО тарағаннан кейін ауысты. Cол 
елдердің тәжірибесіне қарасақ, мысалы, Өзбекстан 1928 жылға дейін араб әліпбиін 
қолданған. 1928-40 жылдар аралығында жазулары латын әліпбиі негізінде болған. 1940-
1992 жж. кириллица қолданылып, 1993 жылы өзбек тілі қайта латын тіліне көшіп, қазіргі 
кезге дейін қолданып келеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет