12
Стюардесса қызметіне қабылдауда жас ерекшелігі маңызды емес.
3000 сағат әуеде болған стюардессаға екінші дәрежелі куәлік
табысталады.
Стюардессаның міндеті – ұшақтағы жолаушыларға қызмет ету.
Стюардессаның
біліктілігі
өскен
сайын
еңбекақысы
да
жоғарылайды.
Төзім мен шыдамдылық,
өз-өзіңді басқара алу, қарым-қатынас
орнату стюардесса мамандығы үшін маңызды емес қасиеттер.
Көздің көруі -2,5-тен төмен болған жағдайда стюардесса
мамандығына жұмысқа қабылдану
туралы ойламай-ақ қоюға
болады.
Дескриптор
Білім алушы:
- сұрақтарға жауап береді;
- мәтін мазмұнына сай келетін ақпараттарды анықтайды.
13
Оқу мақсаты
9.2.4.1.
Шығарманың
идеясы
мен
мазмұнына
байланысты «автордың ойын» бағалау
Бағалау критерийі
Білім алушы:
Шығарманың идеясы мен мазмұнына қарай автор
ойына баға береді
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Өлеңді оқып, идеясын анықтаңыз.
М.Мақатаев. «Ертең біз жол жүреміз»
Жасың бар,
жігіт-желең, шалдарың бар.
Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар.
Жол ұзақ, биік асу, сапар алыс,
Жаз өтер, күз де кетер, тақалар қыс.
Қамданыңдар.
Болашақ деген елге,
Қандай біз сый-сияпат апарамыз.
Қорқауды, өсекшілді қатарға алма,
Кеселін тигізеді сапарға алда.
He бетімізді айтамыз Болашаққа?
Жат қылықты қалдырмай апарғанда
Жамандық атаулыны қалдырыңдар,
Суға батыр,
отқа өрте, жандырыңдар.
Болашақ деп аталған өлмес-өшпес,
Жақсылықтан жаралған тағдырың бар.
Қыз-қырқын, жігіт-желең, шалдарың бар
Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар!
...Тірі жетсең,
Болашақ өзі айтады,
Қайсыңның қанша пұттық салмағың бар.
Достарыңызбен бөлісу: