Бағалау критерийлері Білім алушы:
Көтерілген
мәселені
ғаламдық
мәселелермен
байланыстырып, сыни пікір білдіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма 1. Мәтінді оқып, көтерілген негізгі мәселені анықтаңыз. Анықталған мәселені жаһандық
мәселелермен байланыстырып, ментальді картаға түсіріңіз.
Электр қуатын алудың жолы сан түрлі. Мәселен, көмірді, мұнай мен табиғи газды
және уранды пайдалану арқылы өндіру – бұл бұрыннан қалыптасқан әдіс. Сонымен бірге
сарқырама мен ағын судан, жел мен күннен, тіпті қалдықты, ескі резеңке дөңгелекті жағу
арқылы да электр энергиясын алуға болады.
Бүгінде Еуропа елдеріндегі электр энергиясы өндірісінде атом энергиясының үлесі
25 пайызды, көмір 25 пайызды, табиғи газ 25 пайызды, су энергиясы 15 пайызды құрайды.
Келесі 4 және 3 пайыздық көрсеткіштер жел энергиясы мен мұнайдан алынатын электр
қуатына тиесілі. Жапонияда өндірілген электр энергиясының 28 пайызын көмір, 26
пайызын табиғи газ берсе, мұнай мен су көздерінен алынатын энергия 8 пайызға тең.
Ресейде табиғи газ энергия өндірісінің 50 пайызын, көмір 16 пайызын, атом 17 пайызын,
су энергиясы 15 пайызын қамтамасыз етеді. Ал АҚШ-та электр энергиясының жиынтық
өндірісінде көмірдің үлесі 36 пайыз,табиғи газ 29 пайыз, атом 21 пайыз болса, су электр
станцияларынан алынатын көлем 7 пайызды, желдің үлесі 4 пайызды, күн энергиясының
үлесі 0,04 пайызды құрайды. Рас, электр энергетикасы өндірісінде энергия көздерінің
құрылымы өңірдегі түрлі шектеулер және ресурстар көлемі, сондай-ақ географиялық
ерекшелігіне де байланысты. Мысалы, Бразилияда электр энергиясы өндірісінің 80
пайыздан астамын су электр станциялары береді.
Қазіргі күні Қазақстанда электр энергиясының 74 пайыздан артығы орталық және
солтүстік аймақтардағы көмір кен орындарынан өндіріліп, оның 66 пайызға жуығы дәл сол
индустриалды өңірлердің өзіндегі қажеттілікке жұмсалады. Ал оңтүстік өңірлерде энергия
тұтыну оны өндіруден екі есеге дейін артып, қуат көзінің белгілі бір мөлшерін Өзбекстан
мен Ресейден сатып алуға, Қырғызстанмен айырбас жасау арқылы импорттауға тура келіп
отыр.
2. Негізгі мәселенің жаһандық мәселелермен байланысын «ПТМС формуласы» арқылы
түсіндіріңіз.
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, ...»; Екінші сөйлем: «Оның себебін былай түсіндіремін: …»; Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын:…»; Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім: ...». Дескриптор Білім алушы: Жаһандық
мәселе
Жаһандық
мәселе
Жаһандық
мәселе
Негізгі мәселе