Бағалау критерийлері Білім алушы:
Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге
көзқарасын білдіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма Мәтінді оқыңыз. Алаш зиялыларының қазақ халқының болашағы жолындағы еңбектері
туралы қорытынды жасап, ойыңызды «ПТМС формуласы» негізінде ұсыныңыз.
ПТМС формуласы Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, ...»; Екінші сөйлем: «Оның себебін былай түсіндіремін: …»; Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын:…»; Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім: ...». Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы
күресінде көмектесуге ұмтылды. Әрбір адамның және әрбір халықтың жеке өз
бостандығына, құқығы мен бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына
еркін қол жеткізуі үшін күресті.
Қазақ зиялылары 1905 жылдан бастап осы мақсатта дала өңірінде қызу жұмыс
жүргізді. Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін
оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді.
«Қазақ», «Қазақстан» газеттерінде, «Айқап», «Сарыарқа», «Абай» журналдарында олар
тек білім ғана өркениетті дүниеге жол ашады, қазақтардың ұлт ретінде сақталуына
көмектеседі деп, қазақ халқын білім алуға шақырды.
А.Байтұрсынов балаларды мектептер мен медреселерде оқытудың маңыздылығын
атап көрсетті. Ол балаларды міндетті түрде екі жыл қазақ тілінде оқытуды талап етті.
«Яғни әрбір халықтың өз тіліне, жазуына және дініне құқығы болуға тиіс» деп санады.
Сонымен бірге ол орысша сауаттылықты да үйрену қажет екенін атап өтті.
XX ғасырдың басында қазақ зиялыларының қызметінде құқық проблемалары елеулі
орын алды, өйткені патша зандары көшпелі халықтың құқығын қорғамады. Олар патша
өкіметіне қазақ халқының әлеуметтік жағдайы туралы хабар жеткізуге, оның құқықтық
мүдделерін қорғауға тырысты. Олардың көпшілігі арнаулы заң даярлығынан өткендер еді.
Бұл халықтың құқықтық білімін кенейтуіне, олардың құқықтық білімін байытуы мен
терендетуіне мүмкіндік берді.
Дескриптор Білім алушы: - қазақ зиялыларының еңбегіне қатысты пікір білдіреді;
- пікірінің себебін түсіндіреді;
- пікіріне мәтіннен дәлел келтіреді;
- - ойын қорытындылайды.