33
Оқу мақсаты
9.3.2.1. Ғылыми стильде (пікір, мақала, презентация)
жазылған еңбектердің тілдік және жанрлық ерекшелігін
анықтап,
талдау жасау
Бағалау критерийлері
Білім алушы:
Ғылыми стильдегі (пікір, мақала, презентация)
мәтіндердің тілдік және жанрлық ерекшелігін
ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқып, стилі мен жанрын анықтаңыз.
Тамыры терең
тарихымызды парақтар болсақ, қазақ халқы қашаннан-ақ еңселі ел
болуды армандап, мақсат тұтқанын байқаймыз. Тіпті осы мұрат жолында ұлтымыздың
талай арыстары өз өмірлерін сарп етті емес пе? Сонымен қатар өз мемлекеттерін
дамытуда қолтаңбаларын қалдырған тұлғалардың да рөлін жақсы білеміз. Айталық,
АҚШ-тың атағын шығарған Джордж Вашингтон, Ресей империясының өсіп-өркендеуіне
атсалысқан
Ұлы Петр, қазіргі Түркия мемлекетінің негізін қалаған Кемаль Ататүрік
елінің еңсесін көтеруде ерен еңбек етті.
Осындай
тұлғалардың
қатарына
Қазақстанды
нұрлы
жолға
бастаған
Н.Ә.Назарбаевты да жатқызуға болады. Н.Ә.Назарбаев тарихи тұрғыдан алғанда аз
уақыттың ішінде ҚР-ның егемендігін жариялап, оны дұрыс даму жолына түсіре білді.
Нәтижесінде ҚР өзін бүкіл әлемге паш етті, өркениетті мемлекеттер қатарына қосылды.
Спорттағы, өнердегі жетістіктерімізді айтпағанның өзінде, ішкі тұрақтылықтың
арқасында сыртқы саясатымыз беки түсті.
Былайша айтқанда, аса күрделі жағдайда ел
тізгінін ұстаған Н.Ә.Назарбаев өзінің керемет саясаткер, елін елдікке бастаған аса
дарынды реформатор, халқын шын сүйетін тарихи тұлға екендігін көрсете білді.
Иә, біздің Елбасы қалың қазақтың мақтанышына айналған, ел игілігіне қызмет етіп
жүрген біртуар дара тұлға десем артық айытқаным болмас. Бұл пікірмен тек
біз секілді
қарапайым қазақстандықтар ғана емес, бүкіл халықаралық қауымдастық Қазақстан
көшбасшысының саясаттағы сарабдал жолын жоғары бағалап, оның есімін стартегиялық
ойлау қабілетін иеленген мемлекет қайраткері деп даңқты тарихи тұлғалармен қатар
қоюда.
Бүгінгі таңда әлемнің ірі саясаткерлері Назарбаевқа жоғары баға беріп, оны
Ататүрікпен бір қатарға қояды. Шынында да, аз уақыттың ішінде көркейіп, гүлденген
жас мемлекетіміздің тарих үшін көзді ашып-жұмғанмен тең кезеңде Н.Назарбаев ірі
экономикалық және саяси реформаларды өткізді, ата-баба арманын жүзеге асырды.
Қазақстан ядролық қару-жарақтан бас тартты. Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғыз
елдерімен тығыз байланыс жүргізіліп, әлем картасында «қазақ» елі пайда болды. Өз
шекарасында, Конституциясымен, Мемлекеттік рәміздері – Әнұраны,
Туы және
Елтаңбасымен өз тағдырын шешкен қазақ халқы ел басшының жемісті жұмысына шын
риза. Бұл – тарихи ақиқат. Ал әлем басшылары Н.Назарбаев туралы не дейді?
АҚШ-тың бұрынғы Президенті Джордж Буш Н.Назарбаевты ТМД елдері
басшыларының арасынан ерекше бөліп: «Ол болашақты болжай алады»,– деп айтса,
«темір» ханым атанған Маргарет Тэтчер Н.Әбішұлын қазіргі заманның бес аса көрнекті
саясаткерінің бірі деп атап: «Назарбаев – қалыпқа сыймайтын тұлға», – деген.
Достарыңызбен бөлісу: